«Tugurul han – on han» корпоративтік қоры
Қордың басты мақсаты – отандық тарих ғылымының дамуына, қазақ руханияты мен мәдениетіне үлес қосу, мемлекеттік тілдің насихат аясын кеңейту, әлеуметтік және қоғамдық шараларға қатысып, меценаттық көмек көрсету.
«Tugurul han – on han» корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы – Асылхан Жұмабайұлы Игібаев
Асылхан Жұмабайұлы Игібаев — қазақстандық кәсіпкер, меценат және қоғам қайраткері. «АSойл» және «АТК Шыңғыс» компанияларының бас директоры және «Tugurul han – on han» корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы.
1962 жылы 06 қыркүйек күні Ақмола облысы, Еңбекшілдер (қазіргі Біржан сал) ауданы, Қызыл ұйым ауылында дүниеге келген. Әкесі – Жұмабай Игібайұлы Игібаев Искра совхозында бөлімше басқарушысы, шешесі – Мая Асылбекқызы Игібаева үй шаруасының адамы болған. Мая Асылбекқызы – Барақ Сұлтанның тікелей ұрпағы.
1979 жылы Еңбекшілдер ауданы, “Казгородок” орта мектебін бітіріп, Совет әскері қатарына алынып, Краянояр өлкесі, Ужур қаласында отан алдындағы борышын орындап қайтады. Әскерден оралған соң, 1983 жылы Қарағанды политехникалық институтына оқуға түседі.
Институтты 1988 жылы «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітіріп шығады. 2003 – 2005 жылдары Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-дың «Экономика және Заң» факультетін бітіріп, «Экономика» балакаврі академиялық дәрежесін алады.
Еңбек жолы
- 1988-1993 жж. «Шахтинская» шахтасының бөлімше бастығы, Қарағанды қаласы.
- 1993 – 2003 жж. «Қарағанды отын» АҚ Президенті, Қарағанды қ.
- 2003 – 2009 жж. «АТК Шыңғыс» компаниясының Бас директоры, Қарағанды қ.
- 2006 – 2009 жж. «АSойл» ЖШС Бас директоры, Қарағанды қ.
- 2009 – 2012 жж. «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Қауымдастығының Президенті, Астана қ.
- 2012 – 2019 жж. «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Қауымдастығының орталық совет төрағасы, Астана қ.