«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Қазақтың жеті ата – жеті жұрт дәстүрі

Авторы tugurul
4125 қаралым

Бір дәстүр – бір ұлттың тегін сақтап қалды дегенге сенесіз бе?
Ойланыңыз…

Атам қазақта ” Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі” , ” Жеті атасын білген ұл жеті рудың қамын жер” деген ата тағылымы бар. Бұл жай сөз емес. Әр сөздің тамырында таудай ұғым бар. Бір ұлттың , болашақ ұрпақтың тарихы бар. Қан тазалығы мен ар тазалығы, ақыл мен парасаты бар. білімі мен біліктілігі ,ген мен текке байланған тәлімі мен тәрбиесі бар. Өмірі мен өскелең өр рухы бар. Қазақ халқына ғана тән, басқалар ортақтаса алмайтын туыстық қатынасы , бұзылмаған асыл дәстүрі бар.
Күллі адам баласына үлгі мен өнеге болатын , Иманы мен ибасы бар. Қан тазалығын сақтап, жеті ата тегін , жеті ұрпаққа бұзбай жеткізген жетелі жемісі бар. Қорқау нәпсіні жеңген жетелі жеңісі бар.
Қазақ – қазақ болып жаралғаннан бері қарай , тектілік ұғымын ұлықтап, ұрпақтан – ұрпаққа сабақтап, баба өсиетін ақтап, оны отбасының көркем тәрбиесі ретінде атқарып келеді. Бұл қазақ отбасының ең асыл дәстүрлерінің бірі , бір егейі . Бүгінгі таңда әлем ғалымдары мойындап отыр.
Қазақ халқы туыстық, қандастық , аталастық , тектік ұғымдарын жыныстық нәпсілік ниеттен бөліп алып , Қан мен жан тазалығын – тек тазалығы деп түсінеді. Оның ең сенімді кепілі ” Жеті ата”-ға дейін қан араластырмау деп біледі. Сосын ” Жеті ата” дәстүрі мен заңын жасады. Қазақ халқының бұл дәстүрі бүгінгі таңда әлем елдерін таңғалдырды.
Иә, мынау, жахандасу заманында, атом- электронды мекро ғасырында, ғылым- техника ұшқан құстай дамыған зымыран дәуірде , адам сапасын тағы да , тектілік пен білімділік, жан саулығы мен тән саулығы , ары мен иманы арқылы өлшелмейді. Сол өлшемнің алтын қазығы- қазақтың “жеті ата” дәстүрі екені еш дау тудырмайды.
Рас, қазақ дәстүрінде жеті атаға дейін аталық туыстығы жоқ , ана сүті араласпаған ұл мен қызға үйленуге болады. Неке оқтып, ерлі- зайыпты болуына рұхсат етіледі.
Ал жеті атаға толмаған ұл мен қыздың үйленуіне қатаң тыйым салынады.
Жеті атадан асқан, жігіт пен қыз үйленсе, олардан туған , дүниеге келген ұрпақтың он екі мүшесі толық, дені сау, өңі сұлу, тәні қуатты, ақыл – есі дұрыс, сау бала өмірге келеді . Әрі алыс- алыс аталар бірі – бірімен құдаласып жақындасады. Ел бірлігі артады.
Қазақ халқының жеті ата дәстүрінің бір кереметі, ұшқан құстың қанаты талатын, ұланғайыр ұлы даланы қорғап қалуына да кереметтей қызмет атқарды. Күйеуді жүз жылдық, құданы мың жылдық сыйласу дәстүріне бағындырды.
Ал жеті ата араламай құда болса, қыз алысса, олардан туған бала , қан жақындығынан кем- кетік, әлсіз , ауырушаң, жұмсақ сүйек, бос белбеу, ақыл – есі дұрыс емес, өңі жайсыз болып туылады да, тіршілігінде көп ауырады. Ауыру азабын тартады. Сосын тектілік бұзылады , қан өзгереді деп ырым заңына байлады.
Қазақтың жеті ата дәстүрі қатаң тәртіпке бағынған. Мәселен, үйленетін азамат қалыңдығын жеті белден, жеті елден асып, жеті өзеннен өтіп тапса, ол үлкен тектілікке бағаланады. Жетелі, тектілкке саналады. Дәстүрді атқарған арлы азамат деп құрметелінеді.
Қазақтың жеті ата дәстүрі – қазақ отбасына тән тағылым мектебі. Осы мектептен тағылым алып, отау құрған жас шаңырақтарда дүниеге келген ұрпақ физологиялық және психологиялық жақтан ауытқымайды. Гендік, кемдек өзгеріске үшырамайды.
Қазақ халқының жеті ата дәстүрі – қазақ әулетінің ордалы туыстық қарым- қатынасын қалыптастырды. Берекелі өмір сұру жолын жалғастырды, жеті жұрт , “Бір әулет” , ” қара шаңыраққа” бағыну
үлкенді сыйлау, кішіні аялау сынды сыйластық мәдениетін жарыққа шығарды.
Әуелі , атаны асқар тауға, ананы саялы орманға, баланы бал бұлаққа балап, бір отбасындағы Әке, шеше, баланың орнын анық белгклеп берді.
Бәріміз білеміз . Жеті ата қалай аталады? Десе де айта кеткеннің артығы жоқ.
Ол екі жаққа қарай саналады.

Бірі баладан атаға қарай:
1.Бала, 2. Әке, 3. Ата, 4. Арғы ата, 5. Баба, 6. Түп ата, 7. Тек ата. Бұны қазақ ” Жеті ата” деп атайды.
Екінші атадан балаға қарай:
1. Ата,2. Әке, 3. Бала, 4. Немере, 5. Шөбере, 6. Шөпшек, 7. Немене. Бұны қазақ ” Жеті ұрпақ” деп атайды.
Қазақ жеті атаның қонысын ” Жеті жұрт” деп атады. Одан сырт нағашы жұрт, қайын жұрт, өз жұрты, ел жұрты деген атауларды да қолданды. Бұл жерде егіз екі ұғым бар. Бірі – аталық туыстық ” жұрт” ұғымы. Енді бірі- қоныс. Жеті атаға дейін қоныстанып отырған жер аты. Ал нағашы, қайын, өз , ел жұрты дегенде туыстық және жұртпен байласыты оны да егіз ұғыммен қабылдаған.
Гәп қазақтың жеті ата ұғымы осы жерден бастау алады. Ең әуелі туыстық тұтастықтың шегарасы анық, айқындалған.
Қазақ дәстүріндегі атастыру, қыз айттыру, құда түсу, қыз үзату, келін түсіру, әменгерлік және басқа да жолмен қосылудың ережелері жеті ата дәстүріне бағынған. Қазақ құда жолындағы қалыңмал, ұрын жүргізу, үкі тағу, сырға салу, жаушы бару, бала сүрау, от жақан жерді көру сынды жол- жоралғылардың бәрі де , ру ақсақалдарының кеңесі мен келісімі арқылы отбасыңың әлеуметтік жағдайына қарай шешіліп отырган.
Қазақ арасында жеті ата дәстүрін бұзып , өз бетімен отбасын құратындар болмаған. Себебі бағы заманнан қазақ қоғамы ақсақалдық салты сыйлаған дана халық. Әр рудың дана ақсақалдары өз ішіндегі тентегін тежеп, сотқарын сотап , қатаң тәртіпке шақырып отырған. Дәстүрмен тәрбиелеп отырған.сондықтан әр қазақ жеті атасы мен ру шежіресін білуді дана шежірешілер жастарға міндеттеп ұқтырып отырған. ” Жеті атасын білмеген азаматы жетесіз” деп сөккен. Бұл ұланғайыр даланы мекен еткен көшпенді өмір сүрген қазақтар үшін , тектілікті сақтаудың бірден – бір сара жолы ,тұрақты дәстүрі, дала заңы болып табылады.
Қазақтың ұлы тарихындағы жеті атадан Үш жүзге дейінгі біртұтас туыстық жақындығын айқындайтын ең негізі ережісі де, ғасырлар бойы сүйеніп келген заңды жолы да, осы жеті аталық дәстүр ұстанымы болды.
Тәуке хан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” жетілдіріп, “Жеті жарғы” заңын жолға қойды.
Жеті жарғы заңында некелік қатынастарды реттеді. Тұрмыс құратын қыз бен жігіт бірінші, балиғатқа толуы шарт . Екінші, жеті атаға дейін туыстық қатынаста болмауы керек. Бұл заңды атқамағандар ауыр жазаға тартылады деп бекітті. Осыдан кейін Әз Жәнібек хан тұсындығы әйгілі шипагер Өтейбойдақ жеті ата дәстүрі халықтың қанын таза сақтауының ең ұтымды жолы екенін ғылыми жақтан дәлелдеді. Тіпті атасы басқа жаттардың бетен, ерінен сүйуінен жоқпалы дерт тарап, жазылмас ауырудың бастау алатынын да ескертіп, тыйым салды. Міне, осыдан кейін жеті ата араламай қыз алыспау заңы одан ары қазақ қоғамында түрақты дәсүрлі дала заңына айналды.
Қазақ халқы — бір атаның баласы, бір тамырдан тараған мәуелі бәйтерекке айналды. ” Әр қазақ менің жалғызым” деген ұлы ұстаным , бар отбасының ұлы тағылым , тәртіп, тәрбие мектебі болды.
Міне, керемет.
Кереметі сол. Қасиетті құран кәрімнің ” Иса сүресінің” 176 аятында. ” Сендерді бір атадан ( адам атадан) және оның жұбайы ( Хауа анадан) жараттық. Ол екуінен көп ер мен әйел басасын тараттық. Сендер туыстық байласты үзіп қоюдан қорқыңдар. Раббіңнен қорқыңдар” дейді. Әне, қазақтың жеті ата дәстүрі ислам дінінің заңдарына да қайшы келмейді.
Жә, Жеті атасын, руын қанық білген , қазақтың әр азаматы , мынау ұлтанды кең өлкенің қай жерінде жүрсе де, кез келген жерінде өмір сүрсе де, өзін еш уақытта жалғызбын деп ойламайды. Бейне туысқандарының ортасында жүргендей сезінеді. Алаңсыз тіршілік кешіреді, бөтен рулар арасынан сүрастырып қандас туыстарын тауып , бір отбасының баласындай туысып, бір шаңырақ астында өмір сүре береді. Бұл өмірде бұдан асқан береке мен бақыт бар ма…
Тоқ етерін айтқанда , тек – адам баласының тәні, жаны, ары, ақылы, иманы, ибасы, білімі. ғылымы, мәдениеті, шығыу тегі, тәрбиесі, тәртібі, бітім, пішіні, қуаттық сапасын көрсететін, адамдық болмысын өлшейтін алтын таразы.
Қазақ халқының бір ғана дәстүрі – ” Жеті ата” қазақ халқының тектілігін ғана сақтап қалмай, күллі адам баласының тегін сақтаудың, текті өмір сүрудің бүгінгі ең үздік үлгісі мен ең бйік өнегесіне айналды. Дүние жүзілік этнограпялық , ген сақтау , тек анықтаудың ғылымдық танымының бастау көзі деуге болады.
Біз бұл дәстүрімізді бүгінгі таңда, әлем елдері алдында, именбей тұрып , тартынбай тұрып айта аламыз.
Аттан жығылсақ та , салттан жығылмайық.

22.11.2017 жылы. Алматы

Этнограф жазушы:
Болат Бопайұлы

Ұқсас жазбалар