Ескілікті Қытайдың “Цзинь шу” – “Цзинь тарихында”, миләди 284 – 287 жылдар оқиғасын баяндау барысында Ғұн ұлысының ұйтқысы болып тұрған он тоғыз арыстың қатарында “хэлай”, “хэйлан” дейтін тайпа атауы таңбаланған. Керей деп айғақтайды ХХ ғасырдағы қытай ғалымдары.
Керей бағзыдағы теле мен көк түріктің жарқа, бөлшектерін өзіне қосып алып, әбден іргеленіп, ежелгі түрік қауымының ордалы қонысындағы ең елеулі күшке айналады. Түрік қағанатына сабақтас мұрагер, қуатты ұлыс ұйыстыру мақсатында жаңадан құрылған, қытай жылнамаларында “Цзубу” деп аталатын, туыстыс рулар бірлестігінде жетекші орын алыпты.