«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Биыл 13 мың қандасымыз тарихи Отанына оралды

Авторы tugurulhan.kz
526 қаралым

5 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – Биыл 13 мың қандасымыз тарихи Отанына оралды. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған tugurulhan.kz сайты.

«Көші-қон процестерінің тек әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғана емес, сонымен бірге елдің қауіпсіздігіне тікелей әсерін және көпқырлығын ескере отырып, заңсыз миграцияны бақылап, арналарына тосқауыл қоюды, оларды анықтап, жолын кесуді қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күні орын алып отырған көші-қон ағынына қатысты айтар болсақ, Ішкі істер министрлігіндегі әріптестеріміздің деректеріне сәйкес, осы жылдың 10 айында ғана елімізге 5,6 млн адам кіріп, әлемнің 200-ге жуық елінен келген 5,3 млн шетелдік шықты», – деді министр «Қазақстандағы көші-қон: Проблемлаар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел отырысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта республикада шетелден жұмыс күшін тарту саясаты жүзеге асырылып жатыр. Еліміздегі 2 200-ден астам кәсіпорында 21 мыңнан астам шетелдік азамат ресми рұқсат алып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың да шетелдік жұмыс күшін тартуға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері 362 мың шетелдік азаматқа еңбек патенті берілді. «Қазақстан этникалық қазақтардың тарихи Отанына оралуына жағдай жасау саясатын жүргізіп келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде 1 миллионнан астам қандасымыз елге оралды. Осы жылдың ішінде ғана 13 мың қандасымыз елімізге қоныс аударды», – деді Біржан Нұрымбетов.

Ұқсас жазбалар