«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Шаһар шежіресі. Біздің тарих

Авторы tugurul
961 қаралым

«…Есіл өзөнінде Магмет заңындағы Он атты патша өмір сүрді. Тайбуға – Онның ұлы. Шыңғыс оны жақсы қарсы алып, өзіне бағынғандардың ішіндегі бірінші кінәз деп атап, оған жеке жер үлесін берді.Кінәз Тайбұға Шыңғыс патшадан соғысуға жасақ сұрады… Шыңгыс патша жақсы дайындалған көптеген жасақтарды жинап, Тайбұганы Ертіс өзөнінің төменгі ағысымен Обь өзеніне жібереді, ал бұл жерде чуд деп аталатын халықтар тұрған. Шыңғыс патша Тайбұға кінәзға үлкен құрметпен қарады, және Тайбұға Шыңғыс патшадан өзі тұрғысы келетін жер сұрады Шыңгыс патша «қайда тұрғың келсе, сонда тұр» деп жібереді. Тайбұға кінәз бүкіл өзінің руымөн Тұра өзеніне кетіп, сол жерде Шымға қаласын көтерді. Түмен қаласы сол жерде. Тайбұға мұнда ұзақ тұрды, осында өлді». [М.П. Погодин жазбаларынан. «Сибирские Летописи». – Спб., 1907. с. 63]

Тайбұға 1220-1290 жж. Тайбұға Ұлысын құрып, кейін оның ұрпақтары билікті жалғастырды Тарихта Сібір Жұрты атауымен белгілі. 1495 ж. Тайбұғалық Махмет Сібір хандығын құрды. Махметтен Сенбақты (Есенбақты) мен Қасым атты екі ұл туды.

«После смерти Махмета летописи называют князем в Сибири Ангиша . Ремезовская летопись упоминает некоего Сенбахту, сына Махмета…» [История Сибири / Г.Ф. Миллер – М.: Вост.Лит.1999, с. 191 ].

Ақмола өңірінде тарихта із қалдырған Есенбақты осы тұлға. Халық оның құрметіне болыс атауын берді. (Қазіргі Астана қаласы Ақкөл, Макинск, Щучинск).

«Исенбакты-Киреевская волость, образована 1833 году. Досалы (Досан) Рустемов – султан с июля 1833 г. по 1853 г. (Род, племя: жарас). Джалбы Кульмешев – бий с августа 1853г. по нобярь 1862 г.

Кокчетавский уезд, Волость Исенбакты-Кирей-Майлы-Балтинская. с апреля 1869г. Джанбота Карпыков (Род, племя: керей)» (Институт волостных в системе управления Казахской степью (XIX – начало XX ее): монография в документах, сост.: Г.С.Султангалиева, Т.ТДалаева, Б. У. Маликов, У.Тулешова. – Алматы: «Қазақ университеті», 2018. 302, 321 бб.].

Ұқсас жазбалар