«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Тайбұғалықтар тарихы

Авторы tugurul
733 қаралым

https://egemen.kz/article/342425-taybughalyqtar-tarikhy

Тайбұғалықтар тарихы

Мұхтар КҮМІСБЕК

Астана қаласының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «TАІBUGA HAN» жеке қоры және Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің Мемлекеттік Әскери-тарихи музейі «Тайбұға мен Тайбұғалықтардың Евразиядағы саяси және әскери тарихы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Конференцияда ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік Әскери-тарихи музейі директорының орынбасары Сырым Хасенов, Ұлттық Кеңес мүшесі, Экономикалық саясат институтының президенті Қаирбек Арыстанбеков, тарих ғылымдарының кандидаты, Ұлттық қыздар педагогикалық университеті қауымдастырылған профессоры Факия Шамшиденова, саясаттану саласында философия докторы (PhD), «Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми Институты» директоры Жақсылық Сабитов, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, педогика ғылымдарының профессоры Тілеуғали Қышқашбай, Тайбұға хан жеке қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Асылхан Игбаев, Тарих және Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Жәди Шәкенұлы, тарих ғылымдарының кандидаты Қалиолла Ахметжан және басқа да тарихшылар, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақ мемлекетінің қалыптасуына өз төңірегіндегі көптеген түркі ұлыстарының тікелей және жанама ықпалы болған ірі ұлыстардың бірі – Тайбұға Ұлысы және Тайбұғалықтар негізін қалаған Сібір хандығы жайлы тарихи деректер отандық тарихшы-ғалымдардың назарын аударып отырғаны, Қазақстан тарихының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи мұрасының бұрмаланған тұстары, осы мәдени мұра бойынша зерттеулер жүргізу мәселесі қаралды.

Іс-шара соңында «TАІBUGA HAN»  жеке қоры кеңесінің төрағасы Асылхан Жұмабайұлы Қазақ ұлттық тарихын сақтау және дамыту мақсатында Тайбұға ұлысының тарихымен байланысты сабақтастық әлеуметтік және мәдени құндылықтардың бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуі, ұрпақтар жалғасы болып табылатыны, ұрпақтардың түрлі тәжірбиесі, генеалогиялық эстафетасы кез келген халықтың рухани мәдениетінің бірлігі мен тұтастығын сақтаудың тарихи сабақтастығын арқау етіп 2020-2023 жылдардағы Батыс Сібірді басқарған Тайбұға хан тарихының ғылыми-зерттеу құжаттары мен жинақтарын Астана қаласының Мемлекеттік архивіне болашақ ұрпақ игілігі үшін сый ретінде тапсырды.

Конференция Тайбұға есімін ұлықтау, ғылыми айналымға енгізу, көше, елді мекендерге, оқу орындарына, әскери, спорттық орындарға атын беру, оқулықтарға кіргізу, зерттеу еңбектерін шығару, т.б. сынды мәселерді шешім ретінде қабылдады.

Сілтеме: https://egemen.kz/article/342425-taybughalyqtar-tarikhy

Ұқсас жазбалар