20 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – Тәуелсіздік мерекесіне орай Көкшетау қаласы «Достар» мәдениет сарайында, «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі» атты ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлайды tugurulhan.kz тілшісі.
Шыңғысхан және одан кейінгі қазақ хандары дәуірінің қалыптасуына ықпал еткен тұғырлы тұлға Тұғырылханның өмір жолы мен ерлік іздері моңғол, парсы, түрік, қытай, орыс, жапон жазбаларында кезігіп қана қалмай, Марко Поло, А.Андреев, Н.А.Аристов, Г.Ф.Миллер, т.б. еңбектері арқылы да әлемге әйгілі болған.
Тарихи тұлға – Тұғырылхан есімін көтеру Ел басының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен президентіміз Қ.Тоқаевтың «Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу» аясындағы үндеуіне сай қолға алынып отыр. Ұлы дала тұлғаларын көтеруде ҚР Білім және Ғылым минстрлігі Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология инситуты, ҚР Мемлекет тарихы инситуты, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті т.б. лар арнайы зерттеулермен айналысуда.
Конфернцияда ғалымдар тарихи тұлғалардың рөлі мен қызметіне аялдай келіп, Тұғырылхан тұлғасына да кеңінен тоқталды.
«Тұғырылхан-Оң хан» корпоративтік қоры тарихи тұлға – Тұғырылхан есімін көтеруге қатысты әр түрлі іс-шараларға бастама болып, соның алғашқы жемісі ретінде қор жағынан жаңадан жарық көрген «Тұғырылхан» атты тарихи деректер жинағының тұсакесері өткенін де атауға болады.
Аталған кітап құзіретті мекемелер мен кітапханаларға сыйға берілді.
Ақмола облысы боиынша жоғары оқу орындағы тарих маманбығы бойынша үздік оқып жатқанекі студентке “Тұғырылхан-Оң хан” корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Асылхан Игібаев арнайы степендия тапсырды.
Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері мен көрнекті ғалымдардан – Зиябек Қабулдин, Бүркітбай Аяған, Қаржаубай Сартқожа, Жандарбек Мәлібеков, Серік Негимов, Ғосман Төрекелді, Қадыржан Абуов, Еркін Аманжолұлы, Бекжан Әбдуәлиұлы, Жәди Шәкенұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, т.б. лар және БАҚ өкілдері қатысты.