«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

«Қазақ даласы мен Сібір: көрнекті тұлғалар бейнесі» атты Халықаралық тарихшылар байқауы

Авторы tugurul
1329 қаралым

Алтын Орданың 750 жылдығы мен Тұғұрұл ханның 890 жылдығы аясында «Қазақ даласы мен Сібір: көрнекті тұлғалар бейнесі» атты тарихшы-ғалымдарға арналған Халықаралық байқау басталды.

Байқауды ұйымдастыру комитеті:«Tugurul han on-han» корпоративтік қоры (байқаудың демеушісі), Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі, «Қазақстан тарихы» порталы.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ: Алтын Орданың 750 жылдығы мен Тұғұрұл ханның 890 жылдығы аясында Қазақстан тарихының кейінгі ортағасырлардағы өзекті мәселелерін, тарихи тұлғаларын және солар туралы тың деректік мәліметтерді ғылыми айналымға қосушы, зерттеушілер қатарын айқындау, оларға демеушілік қолдау көрсету.

МІНДЕТТЕРІ:

· Дарынды жас және жетекші тарихшы ғалымдарды, зерттеушілердің қатарын көбейту, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын насихаттау;

· Ортағасырлардағы тұлғалар туралы деректерді жинау, зерттеу жұмыстарын жүргізу және олардың ел басқару саясаты мен ерлік-батырлықтарын насихаттау;

· Рухани жаңғыру мен тарихи сананы қалыптастыруға, қазақ халқы тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге ғалымдарды тарту және қызығушылықтарын арттыру;

· Ұлы тұлғаларды дәріптеу арқылы өскелең ұрпақты елжандылыққа және жоғары деңгейлі мәдениетке баулуға ықпал ету.

БАЙҚАУҒА ҚАБЫЛДАНАТЫН ЖҰМЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

· Текті ұрпақ немесе әулет тарихы: Тұғұрұл, Тайбұға,Сейдақ хандар;

· Сібір, Касимов және Қазақ хандығының тарихи тұлғалары: тарихи сабақтастығы мен тағылымы.

НОМИНАЦИЯ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР:

Аталған бағыттар бойынша қабылданатын ғылыми жұмыстар байқауы 2 номинация бойынша жүргізіледі:

· 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар;

· 35 жастан жоғары жетекші ғалымдар.

Байқауға барлық жетекші және жас тарихшы-ғалымдар, PhD докторанттар мен магистранттар, ғылыми-зерттеу институттары және орталықтарының, музейлер мен архивтердің қызметкерлері қатыса алады.

МАҚАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1. Мазмұнына байланысты:

· бұдан бұрын жарияланбаған, түпнұсқалық ғылыми жұмыстар қабылданады;

· жұмыстың өзектілігі (тұжырымдар мен ғылыми-практикалық мәні, идеялардың, әдістердің, технологиялардың қолданылуы);

· ғылыми зерттеу нәтижесі (жаңалығы, өзгешелігі, салыстырмалы зерттеулер тұжырымдамасы, идеялардың түпнұсқалығы);

· құрылымдылығы (баяндаудың логикалық жүйелілігі);

· Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде зияткерлік меншікті қорғау мәселелерінің сақталуы;

· пайдаланылған әдебиеттер тізімі 7-ден кем емес;

· барлық мақалалар плагиат үшін тексеріледі, мәтіннің бірегейлігі кем дегенде 70%.

2. Техникалық рәсімделуіне:

· мәтін Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 12 пт, аралық 1, өрістер – барлық жерде 2 см;

· мақаланың көлемі 5-12 бет;

· мақалаға бір автор ғана дейін рұқсат етіледі;

· мақала атауы бас әріптермен жазылады;

· автор туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ұйымы, қаласы, елі байланыс түрі: тел. эл. почта.) беріледі;

· әдебиеттер тізімінен кейін екі түйін сөздермен аңдатпа беріледі: егер мақала қазақ тілінде жазылса, аңдатпалар орыс және ағылшын тілдерінде беріледі; егер мақала орыс тілінде болса, аңдатпалар қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі. Аңдатпада 5-8 сөйлем болуы керек, бұнда жүргізілген зерттеу жұмыстарының қысқаша және нақты сипаттамасы, зерттеудің мақсаты, әдістері және негізгі нәтижелері келтіріледі;

· әдебиеттерге жасалған сілтемелер дереккөзінің нөмері мен беті тік жақшамен көрсетіледі: [1; 15].

БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Байқаудың қорытындыларын арнайы құрылған комиссия (республика бойынша жетекші Жоғары оқу орындарынан тартылатын тәуелсіз эксперттер) шығарады. Байқауға қабылданып, іріктеуден өткен жұмыстар жинақ ретінде жарияланады.

Байқаудың нәтижелері 02 сәуірде өтетін Халықаралық конференция аясында шығарылып, қатысушыларға жинақ табысталып, жеңімпаздары дипломдармен және жүлделермен марапатталады.

Конференцияның ақпараттық хаты алдын ала жіберіледі.

35 жастан жоғары (жетекші ғалымдар)  байқау жеңімпаздары келесідей жүлделерге ие болады:

1-орын (1 адам ) 500 000теңге

2-орын (1 адам) 300 000теңге

3-орын (1 адам) 150 000теңге

35 жасқа дейінгі (жас ғалымдар)  байқау жеңімпаздары келесідей жүлделерге ие болады:

1-орын (1 адам) 500 000теңге

2-орын (1 адам) 300 000теңге

3-орын (1 адам) 150 000теңге

Ынталандыру сыйлығы 5 мақалаға 50 000 теңгеден

Байқауға ұсынылған ғылыми жұмыстар мен өтініштер электрондық нұсқада2020 жылдың 10-наурызынадейін қабылданады. Хаттың тақырыбында «Байқауға» деп жазылып, бағыты көрсетілуі тиіс.

Байланыс деректері:

Байланыс телефоны: +7 (727) 261-67-19,  +7 771 749 10 05

Эл.пошта: malika-94kz@mail.ru

Ұқсас жазбалар