«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Сүйінші! ТАРИХИ ЖАҢАЛЫҚ

Авторы tugurul
441 қаралым
Сүйінші!
ТАРИХИ ЖАҢАЛЫҚ
Қазақ мемлекеттігінің негізін қалаушы байырғы хандар қатарындағы, Керей мемлекетінің атақты билеушісі, Шыңғысханның өкіл әкесі – Тұғырыл хан (Оң хан) және Алтын Орда (Ұлық Ұлыс) мемлекетін құрушылардың бірі, Сібірдегі Тайбұға Ұлысының ханы Тайбұға есімдері Еліміздің тарихи тұлғалар тізіміне енгізіліп, ҚР Жоғарғы атқарушы органдары шешімімен, ұлықтау жөнінде келісім берілді. Келісімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономостика комитеті бір ауыздан мақұлдады. Нақты іс-шаралар атқару жөнінде жергілікті әкімшіліктерге арнайы хат жолданғаны хақында бүгін (03.09.2021) хабарланды.
Тарихи тұлға Тұғырыл хан, Тайбұға есімдерін көтеруде тарихи, құжаттық материалдар арқылы арнайы зерттеулермен айналысқан «Тұғырыл хан – Оң хан» корпоративтік қоры атынан аталған жаңалықты көпшілікпен бөлісе отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастаған мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, атқарушы органдарға айрықша алғыс айтамын!
Төмендегі құзіретті тұлғалар мен мекемелер ұлы тұлғалар есімін ұлықтауға ерекше үлес қосып, ел тарихына елеулі еңбек етті. Осы орайда:
ҚР Премьер-Министрі А.Ұ.Маминге;
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Д.Ә.Абаевқа;
ҚР Премьер-Министірінің орынбасары Е.Л.Тоғжановқа;
ҚР Мәдениет және Спорт министрі А.Р.Райымқұловаға;
ҚР Білім және Ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетовке;
ҚР Мәдениет және Спорт вице министрі Н. Дәуешовке;
ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі М.Н.Сқақовқа;
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Генерал-майор Е.С.Тайжановқа;
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С.Көлгіновке;
Ақмола облысының әкімі Е.Б.Маржықпаевқа;
ҚР Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедияұлына;
Генерал лейтенант, V және VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Б.Тасболатовқа;
Көрнекті қоғам қайраткері М.Ж.Шайжүнісовке;
ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің Ономостика маманы Т.Елеркеге;
«Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту және мұрағат ісі бөлімі» ММ бастығы Т.Ә.Қышқашбаевқа;
«Алтын Орда» Халықаралық іскерлік клубы Қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Б.Балғабайға;
ҚР Парламенті Мәжілісінің орталық аппарат қызметкері Т.Қ.Мусаевқа;
ҚР Мемлекет тарихы институтының директоры Е.А.Әбілге;
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры З.Е.Кабулдиновке;
ҚР Мемлекет тарихы институтының директорының орынбасары Б.Ғ.Аяғанға;
Көрнекті қоғам қайраткері М. Сламға;
Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, ДҚҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының басшысы Қ.Б.Қожамұратоваға;
«Тұғырылхан» хақындағы зерттеу кітаптарының авторы Ж.Шәкенұлына;
«Тайбұға Ұлысы» кітабының авторы Ф.М.Шамшиденоваға;
«Жошы ұлысы» кітабының авторлары Ғ.Табулдин мен Н.Ж.Игбаевқа;
“Даурен жыры” кітабының авторы М. Дәлейұлына;
Ақмола облысы Біржан сал аудандық мәслихат хатшысы С.Ж.Шәуеновке;
«Тұғырылхан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, үшінші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі Р.Н.Мамырбаевқа;
«Тұғырыл хан – Оң хан» корпоративтік қоры төрағасының бірінші орынбасары М.Ашкейге;
«Тұғырыл хан – Оң хан» корпоративтік қоры төрағаның көмекшісі Е.Қ.Кәрімовке;
«Тұғырыл хан – Оң хан» корпоративтік қоры шежіре бөлімінің меңгерушісі Б.Солтанбайға;
«Tugurul Mining» ЖШС директоры Б.Е.Игбаевқа;
«Керей-Молқы Халықаралық қайырымдылық қоғамдық қоры» төрағасы, “Тұғырыл хан – Оң хан” корпоративтік қорының Қарағанды облысы бойынша өңір өкілі Ж.Мамбар, т.б. азаматтарға алғысым шексіз! Дендеріне саулық, бастарына бақыт, еңбектеріне жеміс тілеймін. Еліміздің жеріміздің мәртебесі асқақтай берсін!
«Тұғырыл хан – Оң хан» корпоративтік қоры
Қамқоршылар кеңесінің төрағасы
А.Ж.Игібаев.

Ұқсас жазбалар