«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

“Азат рухтың алдаспаны” атты дәстүрлі музыкалық концерт өтеді

Авторы tugurulhan.kz
584 қаралым

19 қараша. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – Алматыда “Азат рухтың алдаспаны” атты дәстүрлі музыкалық концерт өтеді, деп хабарлайды adyrna.kz сайтына сілтеме жасаған tugurulhan.kz сайты.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ-ның (@cisc_official) мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылу үстіндегі “Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру” жобасы бойынша “Адырна” ұлттық этнографиялық бірлестігі (@adyrna.kz) “Азат рухтың алдаспандары” атты музыкалық концертін өткізбекші.

Ән кешінде негізінде ұлт азаттық жолында құрбан болған, атылған, абақтыға жабылған, жер айдалып қудаланған халық композиторларының шығармалары орындалады.

Концерт барысында “Ұлттық құндылықтар-ұлт қорғаны” мақалалар байқауының жеңімпаздары марапатталады. Сазсырнайдың сазын, күңіренген қобыздың, домбыраның дүбірлі үнін тыңдап, құлақ құрышын қандырғыңыз келсе 20 қараша күні, сағат 15:00-де, Ғылым ордасының үлкен залына келіңіздер!

КІРУ ТЕГІН.

Алдаспандарымызды ұлықтайық, ағайын!
Қосымша ақпарат: 8 747 933 91 09

Ұқсас жазбалар