«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Әбіш Кекілбаевқа арналған әдеби кеш өтті

Авторы tugurulhan.kz
61 қаралым

21 қараша. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Қайнар» колледжі 1 курс студенттерінің қатысуымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаевтің туғанына 80 жыл толуына орай «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты кеш өткізілді, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасаған tugurulhan.kz сайты.

Шара барысында «Ә.Кекілбаевтің шығармашылық мұрасы» атты слайд-тұсаукесерін көрсету арқылы студенттер жазушының өмір жолымен және шығармашылығымен танысты. Жазушының қазақ халқының рухани дамуына зор үлес қосқаны жайында айтылып, жазушы шығармалары қазақ әдебиетінің қазынасын ғана емес, сонымен қатар әлемдік әдебиеттің де қатарын толықтырып жатқаны атап өтілді. Оқырмандар Ә.Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң», «Бір шөкім бұлт», «Күй», «Ханша дария хикаясы», «Дала балладалары» атты туындыларына қысқаша тоқталып өтті.

«Абыз аға, Әбіш аға» бейнефильмін тамашалағаннан кейін студенттер жазушының шығармашылығы бойынша мәселелерді талқылай келе, Ә.Кекілбаевтің зор еңбегі мен әдеби таланты ұлттың рухани жаңғыруына бағытталғандығы жайында сөз қозғап, барлық қатысушыларды жазушының бай мұрасын оқуға шақырды. Орталық кітапхана мамандарының айтуынша, әдеби сағат соңында ұсынылған «Ұлы даланың ұлы перзенті» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге оқырмандар қызығушылық танытқан.

Ұқсас жазбалар