«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Димаш Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады

Авторы tugurulhan.kz
634 қаралым

17 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – Димаш Құдайберген Төлегенованы 90 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды tugurulhan.kz сайты.

«Аса құрметті Бибігүл Ахметқызы Төлегенова! Сізді осынау 90 жылдық мерейтойыңызбен құттықтаймын! Әлі есімде 2015 жылы «Славян базарына» барғалы жатқанда аналық ақ батаңызды беріп тілеуімді тіледіңіз. Қытай елінде де жарыста жүрген кезімде жолдаған батаңыз әлі есімде. Қазақ ән өнерінің – анасы екеніңіз сөзсіз. Бибігүл апа, сізге, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, 100 жылдығыңызды дүркіретіп атап өтейік! Сіздің күш жігеріңіз, еңбек еткен жолдарыңыз барлығы бізге болашаққа апарар үлкен белес» -деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Ұқсас жазбалар