22 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасаған tugurulhan.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.