19 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – Мемлекет басшысы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған tugurulhan.kz тілшісі.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы қабылданған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды