«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Елордада  «Емші кәдесі» кітабының тұсаукесері өтті

Авторы tugurul
1899 қаралым

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында  «Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен кәсіпкер, меценат, ақын-сазгер, академик-дәрігер Толқын Ақанұлының “Емші кәдесі” атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітаптың тұсауын «Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» төрағасы, «Tugurul han – on han» корпоративтік қорының басшысы Асылхан Игібаев, Қазақстан және Еуразия  жазушылар одағының мүшесі, Тарих және Қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, жазушы Жәди Шәкенұлы қиды.

«Кітаптың атының «Емші кәдесі» деп қойылуы да өте маңызды, ұтымды шешім деп ойлаймын. Өйткені  Толқын Ақанұлының қазақ медицинасы үшін сіңірген еңбегі, ғылыми зерттеу еңбектері халық үшін кәдеге айналып келеді. Тек дәрігер болып, халықтың емшісіне айналмай, қазақ емшілігі жайында ізденіп келе жатқан ғалымдардың бірі. Ауылшаруашылығы саласында да аянбай тер төгіп, төрт түлік асырап, палата жұмысына да қол ұшын созуда. Жақында ғана «Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» вице-президенті қызметіне тағайындалды. Сондықтан да бүгінгі кітаптың тұсаукесерін палата қауымдастығының Орталық Кеңесінің ұйытқы болуымен ұйымдастырып отырмыз. Ауылшаруашылығы саласына сіңірген еңбегіңізге алғыс білдіреміз», – деді Асылхан Жұмабайұлы.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында  «Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығы Орталық Кеңестің төрағасы Игбаев Асылхан Жұмайбайұлы ұсынысы бойынша «Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіптік палатасы» президентінің міндетін атқарушы болып Әбубәкіров Серік Абдулахметұлы, ал қауымдастықтың қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президенті лауазымына Ақанұлы Толқын тағайындалған болатын.  Өз кезегінде палата төрағасы Асылхан Игібаев Толқын Ақанұлына ауыл шаруашылығы саласына қолдау білдіріп, егіншілік және асыл тұқымды мал өсіру өңдірісін үлес қосқаны үшін «Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы»  атынан алғыс хат табыс етті.

Айта кетейік, «Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы «(НППК) 2009 жылдың қыркүйегінде Фермерлік қоғамдық бірлестіктер қауымдастығы мен «Қазақстанның Агросоюзі» ұйымы негізінде құрылды. Қауымдастықтың басты мақсаты – палата мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, орталық, жергілікті атқарушы органдар мен агробизнес арасында диалог ұйымдастыру, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірыңғай іс-қимыл стратегиясын әзірлеу.

Ұқсас жазбалар