«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Бүгін – тарихшы Еркін Аманжолұлының туған күні

Авторы tugurul
859 қаралым

4 қыркүйек – Мемлекеттік тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, сібіртанушы ғалым Әбіл Еркін Аманжолұлының туған күні.

Ол 1969 жылы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Ұзынағаш ауылында Аманжол Күзембайұлы шаңырағында тұңғыш ұлы дүниеге келді. 1992 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1992 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша тарихшы. Тарих және әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы.

1992 — 1993 жылдары — ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының оқытушысы, Қарағанды қаласы;

1993 — 1995 жылдары — ҚР ІІМ Қостанай арнайы орта мектебінің оқытушысы, Қостанай қаласы;

1995-1998 жылдары — Қостанай мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы, Қостанай қаласы;

1998 — 2000 жылдары — ҚР ІІМ Қостанай заң институтының әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының доценті, Қостанай қаласы;

2000-2001 жылдары — ҚР ІІМ Қостанай заң институты мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, Қостанай қаласы;

2001-2004 жылдары — ҚР ІІМ Қостанай заң институтының күндізгі оқу факультетінің бастығы, Қостанай қаласы;

2004 жылы-ҚР ӘМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қостанай заң институтының күндізгі оқу факультеті бастығының міндетін атқарушы, Қостанай қаласы;

2004 — 2008 жылдары — ҚР ӘМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қостанай заң институтының күндізгі оқу факультетінің бастығы, Қостанай қаласы;

2008 жыл — ҚР ӘМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті академиясының күндізгі оқу факультеті бастығының міндетін атқарушы, Қостанай қаласы;

2009 жылы — ҚР ӘМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті академиясының күндізгі оқу факультетінің бастығы, Қостанай қаласы;

2009 — 2016 жылдары — Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыс және шетелдік байланыстар жөніндегі проректоры, Қостанай қаласы;

2016 жыл — Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты ректорының міндетін атқарушы;

2016-2020 жылдары – Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры.

2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін Мемлекеттік Тарих институтының директоры.

Портал ұжымының және «Tugurul han – on han» корпоративтік қорының атынан Еркін Аманжолұлын 51 жасқа толған туған күнімен құттықтай отырып, қажыр-қайрат, күш-қуат, мол жақсылық пен отбасылық амандық тілейміз. Ұлттық тарих ғылымы үшін істеген игі істеріңіз жемісті болсын!

Ұқсас жазбалар