11 наурыз күні Алматы қаласының Орталықтанған кітапханалар жүйесінің 4-кітапханасында “Құлтайболат шежіресінің” тұсаукесері өтті.
Тұғырылхан-Оң хан корпоративтік қоры жағынан “Қазақ тарихындағы ру-тайпалардың тарихы” сериясымен шыға бастаған тарихи-деректік кітаптың II томы “Құлтайболат шежіресіне” арналыпты. Аталған қор басшысы А.Игібаев қаладағы 26 кітапханаға және қатысушыларға жарық көрген кітаптарды сыйға ұсынумен бірге, шежіре жұмысына белсене ат салысқан Шыңғысхан Жайырұлы сынды бір топ азаматты арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Жазушы, қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдерінен Жәди Шәкенұлы, Мақсұтхан Дәлейұлы, Мерей Сіләмұлы, Есен Бәйтілұлы, т.б. лар арнайы құттықтау лебіздерін білдірді.
Іс-шараның соңы мерекелік ән-күйге ұласты.
Шәкен Наралтай,
«Тұғырылхан-Оң хан» корпоративтік қорының
Баспа сөз хатшысы