«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Халқым деп өткен хан-Тұғұрұл

Авторы tugurul
677 қаралым

Жұмашәріп Шәһадатұлы

ХАЛҚЫМ ДЕП ӨТКЕН ХАН- ТҰҒҰРҰЛ

(Зейнолла Сәникұлының «Тұғұрұлхан» кітабы негізінде жазылған ғылми, танымдық мақала)

Мақала Тұғұрұлхан және керей мемелекеті жәйлі қысқаша тоқ етер мәлімет береді. Алайда оның қашан туып, қайда жасап, қашан, қалай хан болғанын, оның күреске толы құмырнамалық ұзақ байанын негіз етпейді. Ондай мәліметтер тарихи еңбектерде жетерлік. Тек этнограф жазушы, зерттермен Зейнолла Саникұлынан жеткен дерек көздер арқылы Тұғұрұлхан бойындағы қанға біткен қайсарлық, ата кегін жоқтаған намыстылық, күрделі өмірдің күрмеуін күреспен шешуге ұмтылып отырған таланттылық, жақсылыққа жақсылық арнаған адами қасиет, ізгі ниетті дипломатиялық сайасаткерлік, жар астында жау барын жәй білген сенгіштік, кейінгіге сабақ боларлық өзекті өртеген өкініш, тек жалғастығын сақтаған ұрпақтар… қатарлы мазмұндарда өрістейді.

1. Тұғұрұлхан

Тұғұрұлхан Құршақұзұлы Марғұзхан немересі керейтегі 1130- 1203 жылдар жасағн. (1205 жылы қайтқан деген де дерек бар) Керей мемелекетінің ұлы билеушісі. Аты әлемге әйгілі Шыңғыс қағанның әкесі Есукейханмен дос- тамыр (анда) лығының бодауына жарты әлемнің билеушісі Ұлы Шыңғысханға өкіл әке және ұстаз болған; күшті дипломатиялық байланысқа шеберлігімен «Моңғол елі», «Алтын елі», «Найман елі» және «Керейелі» қатарлы елдерге маза бермеген Татар билеушілері мен Жүржіндерді жойып «Уаң» (падша) атағын алған; осы ұлы еңбегі Франсия, Рим, Араб елдеріне жетіп тарихта әйгілі күш- қуатты Иван батырға теңеле «Иван Поп» атағын алып әйгілі жиһанкез Марко Полоның естелігінен орын алған Керей елінің ұлы ханы.

2. Керей мемелекеті

Керей мемелекеттігі 9- ғасырдың айағында Алтай алқабымен бүгінгі моңғолия далаларының батыс және солтүтігінде «Алты өзен елін» (Тула, Орхон, Селенгі, Онон, Иңгун, Керулен) негіз ете қалыптасып, Марғұзхан, Құршақұз- Бұйрықхан, Тұғұрұлхан (Оңхан) қатарлы ірі тұлғаларының бас болуымен 13- ғасырдағы «Алтын орда» хандығына жалғасып, бүгінгі Қазақ мемелекеттігінің негізгі іргетастарының бірі болған ірі мемелекет. Оның күрмеуі көп күрделі тарихи дамуы Сібірге дейін қанат жәйып Тайбұғахан, Сейтақхан қатарлы тұлғаларымен әйгілі «Сібірхандығын» да тарих бетінде қалдырған.

3.Қанға біткен қайсарлық елдігін ойлатты

Хан- Тұғұрұлды тарихи деректерде жеті атасынан жалғасқан хан тұқымы деп айтады. Жарты әлемді жалпағынан басып алақанында ойнатқан атақты Шыңғысханның ең дәурендеген кезіне дейінгі қазақ түріктері мен моңғол тектес халықтар мемелекеттерінің (хандықтарының) ішіндегі ең ықпалды хан осы Тұғұрұл болғандығын да тарихи деректер көзге ұра көрсетіп тұр. Шыңғыс та, Тұғұрұл да аспаннан түскен пері емес. Бәрі де өздерінің этникалық ұлыстарын негіз еткен ел халқының болашағы үшін мемелекеттерін нығайтып ел іргесін бекемдеу арқылы халқының берекелі де бейбіт байашат өмір сүруін ұлы мақсат еткен қайсар да қажырлы күрес жолдарынан туындаған ірі тұлғалар.
Адам өмірінде түзу сызық бойын бойлай жылжи беретін тегіс жол жоқ. Тар жол, тайғақ кешуден тайынбаған, тұрлаусыз заман, тұманды даланың кездейсоқ соққыларынан жүрегі шайлықпаған адам ғана көздеген мақсатына жете алады. Тұғұрұлханның құмырлық шәйқас жолы бізге осы ақиқатты көрсетті. Ендеше оның балалық шағына бір үңіліп көрейік.
Тұғұрұлханның ұлы атасы Марғұзханды Татарлар мен Жүржіндер соғыста жеңіп тұтқынға алады. Ағаш есекке таңып азаптап өлтіреді. Ханы өліп иесіз қалған елін Меркіттер шабады. Жеті жасар Тұғұрұлды тұтқындап «бөрте лақтың терісін кидіріп бөріге жем етердей» күні бойы келі түйдіріп, бидай түктетіп ауыр азаппен қинаудың сыртында тамақтан қысып жуынды- шәйінді ішкен иттей аш бұралтады.
Ханы өлтіріліп иесіз қалған елдің хантағына Тұғұрұлдың әкесі Құршақұз (Марғұзханның үлкенұлы) мұрагер болмаққа өзін «Бұйрықхан» (әміршіхан) деп жәриалап ебін таба құлдықтағы ұлы Тұғұрұлды құтқарады. Бірақ бұл бақыт байанды болмай Марғұзханның кіші ұлы Құрмарқұз таққа таласып өзін керей мен моңғолдарды қоса басқаратын «Горхан» деп жәриалап ағайындылар арасында билік таласы басталады. Бұл орайды дөп пайдаланған татарлардың Ажайханы Құршағұзды 13 жастағы ұлы Тұғұрұлмен қоса ұстап Құршағұзханды өлтіріп Тұғұрұлдың мойнына ажырғы, айағына кескек байлап түйе бақтырып қойады.
Қаршадай бала үшін осының бәрі оңай соққы ма, Тұғұрұл құлдыққа көнді ме, жүрек оты сөнді ме?…
Өткеннен қалған өшпес белгі, бұгінгі ұрпаққа жарқын үлгі болып адам санасын еріксіз серпілте қамшылайтын да, нұрлы болашаққа ұмтылта талпынтатын да осы тұс.
Тегі мықты текті ұл Тұғұрұлды жан азабы жасыта алмады. Қайта кек жалыны шарпыған жүрек отын маздатты. Еттен өтіп сүйекке жеткен азап пен мазақ ата жауына қанын қайнатты. Ойын өрелендіре намысын ширатты. Рухын қайсарландыра елінің болашағын ойлатты.
Оны алдынғы кезекте әкесі бұғаудан босатса, соңғысында ешкімге иек арпай өз күшімен, орда ішіндегі қатыгез ханға қарсы күштермен астыртын тіл табыса жүріп 17 жасында құлдық бұғауын үзе теуіп жарқын болашағына жол ашты.
Керемет рух! Ұлтым, елім- жұртым дейтін жүрегінде тулаған ыстық қаны, тілім, дінім, ділім дейтін арлы жаны бар намысты ұрпақты тебірентпей қалмайды, халас!

4. Әкесін өлтіріп хандығын қиратқан кек намысын қайрап күш- жігерін тасытты

Қиқыметі көп, қырлары мен сырлары күрделі, тобыры көп, алғыры аз қоғамда адамдарға ұлы табиғаттан кезігетін түрлі- түсті апаттар; адам баласының имансыздығынан адами қасиеті сұйықтап, қатыгездігі күшейіп, мен- мендігі асқынудан болатын адам қолымен жасалатын арандатулар жолығып отырады. Мұның алдынғысын Алланың пенделеріне «ұлы табиғат заңы» шегінен шықпауды ескерту негізінде оқтын- оқтын жіберіп отыратын сынағы деп; соңғысын құлдарының пиғылдары тарайып ниеттерінің бұзыла шектен шығып бара жатқаны себепті тек өз қолдары арқылы беріліп жатқан жаза деп қабылдау жөн. Осы «сынақ» пен «жаза» ұзақ уақыттар бойы адамдарды табиғи іріктеп, қоғамды реттейді.
«Су ағады, тас қалады» дегендей елім деп еңіреп, жерім деп желпіне алатын тастай мықты рухы, қара басының қамынан басқаға бара алмаудан құдайдан қорқып, адамнан ұйалатын бетінде ар- ұйатты жылты бар адам ғана бұл реттеуден сүрінбей өтіп қоғамды оңау үдерісінің кең жолына түсіп еселі үлесін қоса алады. Балалық шағының жан азабына жасырынған бақыт жолын адаспай таныған Тұғұрұл ар- ұйатын қамшы, намысын ту қып тастай мықты рухымен кеуде кере алға шықты. Ата кегін жоқтап ел намысын қорғау жолында атқа мінді, ата жолын қуды.
Жүйрік те, қыранда баппен шауып, баппен қанаттанады. Сол баптың өзі оның дарынына қарым қосып жағдайын жасайтын қолдау. Адам да сондай, ақылын ашуға алдырып жалғыз, немесе шағын топ үшін далақтайтындардың тарихта аты да, заты да қалған жоқ. Үлкен іс тындыратын адам ақылын басшы, айласын серік қыла әуелі өзіне сүйеніш іздейді. Сенімді сүйеніштен қолдау тапқаннан кейін өзін баптап, ой- арманын нақтап, жоғын жоқтайды. 17 жасында құлдық бұғауын үзіп шыққан Тұғұрұл 18ге қараған шағында тегінде ұлы атасы Марғұзханның көмегімен хан тағына отырған Есукейханнан көмек сұрайды. Есукейхан онсызда Марғұзхан тұсында бір шаңырақ астында бір атаның балысындай берекелі өмір сүріп төрт төңірегіне танылған қайран керей елінің ел дізгінін ұстай алатындай ердің емес, ездің қолында шаңырағы шайқалып бара жатқанына іштей қынжылып жүрген- тін. Бойы сұңғақ, кеудесі шалқақ, көзі отты, ойы жанды- жақты Тұғұрұлды көрген Есукей тегі мықты, тебіні қатты ежелгі ел- керей дізгінін ұстай алатындай Тұғұрұлдай ерді көріп оның бойынан жаста болса бас боларлық асыл текті де, көзінен ойнаған жалынды отты да, бойынан қайнаған өшпес кекті де көргендей болып бірден көңілі көншіп келісім береді.
Ұлы Марғұзханның заңды мұрагері Құршақұз ханмен билік таласына түсіп елді екі жарып татар мен меркіттің таланына түсіріп Құршақұзханның көзінің құртылуына себепші болып өзін «гөрхан» атап ел намысын, атажолын айаққа таптап тайраңдап жүрген Құрмарқұздан Есукейдің қолдауымен елдізгінін тартып алады. Бөлініп- жарылған керей елінің басын қосып әйгілі Марғұз, Құршағұзхандардың жолына түсіреді. Мемелекет тұтастығы, елінің бейбіт байашат өмір сүруі жолында әрқандай қарсылыққа төтеп елін көркейтіп- гүлдндіру жолында бір өмір аттан түспей күрес жасайды. Өзімен бірге туғандарының да бетіне қарамай мемелекетті бөлшектеушілерге жол бермейді.
«Азық шәйнар тісің аузыңда, адам шәйнар тісің ақылыңда болсын» деген атадан қалған ұстанымға табанды болып тек елінің болашағы, халқының бірлігі үшін шәйнауға тиістілерді айамай шәйнап (інісі, ішінара ұлдарына дейін) отырып ұзақ уақыт мемелекет тұтастығын сақтады.

5. Күрделі өмірдің жолын күреспен шешіп ата жолын жалғастырды

Бұрынғы заман қазақ түріктерінде «Адам қалауының үш қайнары бар. Олар: жан, сана және тән. Жан қалауынан- достық, сана қалауынан- силастық, тән қалауынан- құмарлық туады. Осы үшеуінің қосылуы- махаббатты тудырады» дейтін ұлы тағылым бар. Бір адамның бойынан үш қасиет бірдей табылса ол- дана. Біреуі не екеуі табылса ол бала не шала. Бала тәрбиемен жетіледі, ал шаладан шал болғанша шалағайлық қалмайды. Тұғұрұлхан жасаған жетпісқанша жылдық ғұмырнама әсіресе күрес пен билік жолындағы жарым ғасырлық азаматтық тарих оның осы үш асылдың қай- қайсысында орнын таба ұстанғанын деректейді. Сондықтан да ол өзімен үзеңгілес найман, татар, меркіт, жалайыр, қоңырат және уақ қатарлы елдерінің ішіндегі ең ықпалды ханы бола алды. Қытай ұлы қорғанының түбіне орналасып «алтын еліне» (қытайдың «Жин хандығы») арқалана айналасындағы елдерге маза бермеген («кейде алтынеліне де») татарллар мен жүржіндерді жойып «алтын елі» жағынан «Уаң- хан» (кейіндеп қазақы дыбыстық ықпалмен «Оң- хан» атанып кетті) атағын алып тұтас эвро- азиаға әйгіленді. Шыңғысхан дәуренінен бұрын моңғолдың да біраз тайпаларына қоса әмір жүргізді. Кейіндеп Шыңғысханды қолдап хан тағына міндіре моңғол бассыздарының ес жиып, етек жабуына, әсіресе Темучинның жарты әлемнің билеушісі сынды ұлы қаған дәрежесіне көтерілуіне өшпес үлес қосты.
Адамды талап өсіріп, талант жетілтеді. Ата- бабамыз білмесе «талапты ерге нұр жауар» демес еді. Тұғұрұлдың жоғарыда біз дәріптеген балалық және азаматтық тарихы осы ақиқатты дәлелдейді. Талаптың тегінде талант жатады. Тума таланты (дарыны) жоқ адамда талап та болмайды. Ал сол талапқа қайтпас қажырлылық қосылғанда ғана ол қанаттанады. Қанатты құстың мешел балаша отырмайтыны сиақты ол қалаған жағына ұшады. Енді осы «қалаған жақты» белгілейтін- сана. Тұғұлхандағы талант- оның тектен жалғасқан ата жолын таңдауда ерте ойанған саналылығы мен қайтпас қажырлылығы. Осы өскелең сана, қайтпас қажыр оны өзі аңсаған өмірдің өріне самғатып төріне шығарды. Бұл бүгінгі адамдарда да болуға тиісті қажеттілігін жоғалтпаған асыл қасиет.
Қазірде заман ұйтқымалы, қоғам күрделі. Ғылымды, мәдениетті, демогратияны негіз еткен осызаманғы даму үрдісі бйліктен жалпы халқының жетпіс пайыздан астамын ұстап отырған мемелекет құрушы ұлттың тіліне сұраныс тудырып, ежелден ұстанған дін құндылығын сақтап, ұлттық ерекшеліктің ең көрнекті белгі- бөганайларының бірі болған дәстор- салтына құрмет ету арқылы ұлттық рухын да, ғылым- мәдениетін де, білім- денсаулық саласын да, экономикалық дамуын да, заңның тепе- теңдігі мен жалпы қоғамдық мөрал қатарлыларын көтеретін мемелекеттік ұлттық идологияны талап етеді. Осы идология айқындалып республикалық деңгейде көтерілгенде ғана мемелекет ішіндегі азшылық ұлттар әуелі мемелекет қрушы ұлтты силайтын, сосын мемелекеттікке құрметпен қарайтын болады. Мүлде басым көп сандыны ұстап отырған ұлттың рухы көтерілсе мемелекетке, билікке, еліне, жеріне деген табиғи сүйіспеншілік орнап елінің әр салалы дамуын саналы түрде қолға алатын болады. Мемелекеттік ұлттық идологиа айранның ұйтқысы, қымыздың қордасы, нанның ашытқысы сиақты жалпылық көлемге әсер еткенде ғана ондағы неше ондаған ұлт, милиондаған халық мемелекеттік билк төңірегіне айрандай ұйиды. Өзге елдерде ондай мемелекетпен мәжбүри санасады.
Біз қазіргі заман дамыған америка, жапония, германия тб қатарлы мемелекеттерді былай қойғанда арыда төркіндік тегі жақын Тұғұрұлхан, Шыңғысхан басқарған мемелекеттерден де осы рухты байқау қиын емес. Әсіресе біз тілге тиек қып отырған керей елінің әлемге әйгілі Тұғұрұлханында осындай мемелекетшілдік, ұлтжандылық, халықшылдық рух болмағанда оның керей елінің билік басына ілгерінді- кейінді жарым ғасырдан астам отыра алуы, халқын берекелі де бейбіт ұстап, арғы аталарынан жалғасқан атажолға мұрагер болып әлем тарихында да, қазақ тарихында да тасқа қашалған таңбадай қалуы мүмкін емес еді.

6. Жақсылық жасау адами қасиеттің асқақ шыңы

Жақсылыққа жақсылық көп адамның қолынан келседе барлық адамның қолынан келе бермейді. Әсіресе жамандыққа жақсылық қылудың жолы ердің ерінің қолынан ғана келетін пайғамбарлық өредегі ұлылық. Осы екеуіне де біз Тұғұрұлхан өмірінен жауап іздеп көрейік.
Қазақ халқы ұлт болып қалыптасудан бұрын да, кейін де тілі өңірлік диалекітке, діні түрлі секталарға бөлінбеген, дәстұр- салты бөгде елдің бейпіл бейбастағына ұшырамаған «ақсақалдық түзім» негізінде қалыптасқан ішкі бірлігі мықты, намысы күшті, уағдаға берік қаны да, ары да таза халық- тын. Сананы билеген бұл салт 20 ғасырдан арғы мыңжылдықтың өнбойында алтындай жарқырап, болаттай шыңдала халқымыздың ой- сезім, сөз- әрекет, мінез- хұлықынан тартып тұтас тұрмыс күйіне мықтап сіңді. Қазақтың етінің тірілігін де, рухының ірілігін де, оңайда шағылмайтын жаңғақтай мықты бірлігінің де түп төркіні- ізгілік, мейірімділік, әділеттілік және қан мен жандағы тазалық негізінде қалыптасқан өзге елде көп бола бермейтін дәстұр- салты.
Міне осы дәстұр- салт сынды атажол бұзылмай, адамдары ұсақталып рухы аласармай тұрған тұста ешқандай жау қазақты ала алмаған. Бүгінгі таңда қай елде жасап жатсада ешкімнің жерін қарулы күшпен жаулап та, қитұрқылы қулық- сұмдықпен алдап- арбап та емес, сол өзінің шаруашылық жағдайының даму қажетіне қарай шөптің сонысы, судың тұнығын қуа төрт маусым көшіп- қонып жүріп қол жеткізген жоғарда атаған «мыңжылдық» ата қоныстарында жасап жатыр.
Біз тілге тиек қып отырған Тұғұрұхан сол ата- бабасынан жалғасқан көшпелі ел хандығының заңды мұрагері әрі еркі күшті текті дәуірдің көшбасшысы. Сондықтан ол құлдық бұғауынан бір құтылуда құтылып алсада қайта жұтылып кетпеуі үшін қолынан келгенінше көмегін айамаған ата жолдас әкесінің құда- тамыры Есуке батырдың ұлы Темучин алдына келгенде одан қолдан келген жақсылығын айамады.
Басында ол «жақсылыққа жақсылық ету ардың ісі» деп қарап алдына келген жәбір көрген жетім Темучинге өкіл әке болды. Қыруар сандағы күшті қарулы қол бастап қанды соғыс салып жүріп жауланған елін қайтарып, бұланған мал- мүлкін жиып алдына салды. Әкесінің хандығын қайта құрып таққа отырғызды. Сосын меркіттерге соғыс ашып бұландыға түскен қатыны Бөртеханымды меркіттерден тартып әкеліп берді. Өшкені жанып, кеткені келіп ел қатарына қосылған жас Темучинды ел басқару ісі мен қол жасақтап оны қалай жаттықтыру, ішкі тәртібін күшейту, мемелекет қорғаныс ісіне қалай араластыру қатарлы жақтарында білікті ұстаз болып баулыды. Мүмкіндігінің жетісінше өкіл әкелік парызын ада қылп «жақсылыққа жақсылықтың» қарымтасын келістіріп қайтарды.
Асқынған дәурен адамды аздырады. Азған адам елді тоздырады. Бұл ықылым заманнан келе жатқан қоғами үрдіс. Әсіресе осы үрдіс соңғы екі ғасырда ұлтанды ұлт пен ұсақ ұлт, жоғары жік пен төменгі жік арасына кеулеп кіріп әлемдік байлық бөліністері қақтығысын күшейтіп, тіл, дін, ділді негіз еткен мәдениеттегі адастыру, рухани өмірдегі дәрменсіздендіруді өршітті. Осындай түпкілікті себептерге байланысты жақсылықты бір реткі пайда ретінде қабылдап оған қарымжы қайтармайтындар көбейді. Тіпті жымысқылана жүріп жақсылығын көріп алып алдамалап түбіне жететін, сол арқылы күшейіп алып дөң айбатын сыртына сала қарсы келетін келеңсіздік күшейуде. Тұғұрұлхан бойындағы жоғарыдағыдай жақсылыққа артығымен жақсылық істейтін адами қасиет кейінгі азған дәуір көктетіп жатқан келеңсіздіктерінің кеспірін көрсететін арыдан жалғасқан шар айна. Жәй адамдардың қол айналарынан емес, жарым әлемнің билеушісі Шыңғысхандай әлемдік ірі тұлғаға ұстаз болған Тұғұрұлхандай текті әулеттің тегеуірінді ханының шар айнасын үлгі қылса бүгінгі дәуірдің де өзі тектес ірі тұлғалары қымсынбай қарап бетінің күйесін де, іріп- шіріген жүйесін де көре алатын болады. Міне бұдан жақсылыққа жақсылық бар адамның қолынан (әсіресе қазіргі таңдағы адамдардың) келе бермейтінін, тек Тұғұрұлхандай сүек қапқан нәрі, жүрек жылтар иманды қаны, бетке шапқан нұрлы жүзді ары бар тұлғалардың қолынан ғана келеді. Ал, жамандыққа жақсылық та осы асыл тек, арда мінез әйгілі тұлға Тұғұрұлдың қолынан келді. Атап айтар болсақ, әуелі, ол інісі Ержақаның тақ таласын бірден жәншіп жібермей түсіністікпен қарап, уәзірлік шенге көтеріп мемелекеттік әскери ұқықты ұстатты. Кейіндеп Жамуқаның аздыруымен найман еліне қашып кетті. Сосын, ұлы Сенгуннің де Жамуқаның аздыруымен істеген көптеген келеңсіздіктеріне тіпті мемелекет қауіпсіздігіне дейін қауіп төндіре жаздаған жағдайларын түрлі әдіс- амалдармен жөнге салып жанына қауіп төндіретіндей қатігездік істемеді. Соңғы бірі, тез ес жиып, ерте қанаттанған Темучиннің көзіне өзінің өкіл әке басымен симай бара жатқан қызғаныштарына да рахымшылдықпен қарады. Оның осындай кең пейіліне, рахымды пиғылына іштей мойынсал болған Темучин де оны қанша жерден көре алмай, күншілдігі асып, оның әлем мойындап отырған ықпалынан құтылғанда ғана өз ықпалының артатынын қаншалық ерте сезседе оны өзі тіке қол сала жойып жіберуге дәрмені жетседе, батылы бармады. Бұрынғыдай берекелі бейбіт еркін кете беруіне «азуын айға білеген, әмірін әлемге жүргізген аспан астындағы жалғыз әмірші болуға» ашылған араны күттірмеді. Ақыры өз ықпал күшінің ерте артуына тосалғы болып тұрған оны тағыда Жамуқаның араласуымен өзгенің қолымен жойудың қазанын астыда қақпанына түсіріп тынды. Осы жақсылыққа да, жамандыққа да жақсылықпен жауап қайтаратын кең пейілі, пәк көңілі оны «Шыңғысханның ұстазы ұлы Тұғұрұл» деңгейіне көтеріп керей елінің билік әлеміне ілгерінді- кейінді жарым ғасырдан астам отырғызып мемелекеттік билікте ең ұзақ отырған әлемдегі өте санаулы тұлғалардың қатарына абыроймен қосты.

7. Түрлі дипломатиялық байланыстарға иек арта жүріп сенгіштігі шектен асқанда алған секем ес қатпады

Дипломатиялық байланыс әрқандай мемелекет қайраткерлерінің елінің ішкі- сыртқы байланыстарында (әсіресе сыртқы қарым- қатынаста) кем болса болмайтын ел басқарудағы бір түрлі стратегиялық маңызы күшті қажетті тәктика. 12 ғасырдың аржақ- бер жағында әлем кәртасынан орын алған керей мемелекеті моңғол, найман қатарлы көптеген ұлыстардың мемелекеттерімен қатар өмір сүрді. Ел аралық берекелі де бейбіт орта қалыптасутыру мен ел іші түрлі топ- жіктер аралық байланыстарды мемелекеттік деңгейдегі сайаси бағдарлама мен ұлттық идологиа айасында реттеп ел ішінің байанды тыныш дамуында мемелекет басшысының рөлы аса жоғары болады.
Тұғұрұлхан көршілес мемелекеттермен тату- тәтті өтуді о баста мықты ұстаған үлкен дипломаттық бағыттағы ірі сайасатшы. Ата тегі тәңір тауының боғда шыңын, оның іргелеріндегі қатпарлы үлкен үңгірді мекен етіп тәңірмен тіл табысу киесі қонған сол тұстың түрік- моңғол жұртына әйгілі болған керей текті Мұңлық әулие, оның баласы атақты Көкше әулиенің енді танылып келе жатқан Шыңғысқағанға:
«Уа, әлдиар ханым,
Тәңірден суат алдың,
Тұғұрұлдан қуат алдың.
Найманнан хатшы алдың,
Керейден бақсы алдың.
Қоңыраттан ақыл алдың,
Жалайырдан батыр алдың,
Меркіттен қатын алдың…» (Меркіт олжалаған Бөртені айтады) -деген жыр жолдарынан көршілес мемелекеттердің сайаси, мәдени, економикалық араластығының күштілігін көрсетеді. Мысалға мына жыр жолындағы Шыңғысхан өкілдігіндегі моңғол мемелекетінің қоңырат елінің атақты Тайшешенінің ақылымен Тұғұрұлханға иық сүйеп ел болғанын, Тұғұрұлхан жоғардағы мазмұнда көп сүемелдеп, тіпті ең үлкен ақылшы абызы Көкше әулиені де бергенін соның арқасында Тәңірден кейін Тұғұрұлханның мәртебесінің көтерілгенін көруге болады. Жалайырдың атақты батыры, шешені Жамұқаны алғандығын, Найманның жазуын (қазіргі ұйғұр жазуы деп жүрген) енгізіп жазба мәдениетін қалыптастырғанын, әсіресе меркіт елінің Шилату атты батырына қолды болған қоңырат Тайшешеннің қызы Бөрте ханымды Тұғұрұлханның күшімен меркіт елінен тартып алып атақты Жошы, Шағатай, Өгетай, Төле қатарлы тақ мұрагерлеріне ие болып өз алдына хандық құрған алып империяға негіз қаланғандығы осы жыр үзіндісінде қамтылады.
Көкше әулиенің жырындағы осы байланыс тек Шыңғысханда ғана емес, сол тұстың қай елінде де, әсіресе Тұғұрұл бас болған керей елінде де болды. Тіпті оларда өзара әскери одақ та, әлеуметтік мәдени ауыс- күйіс те, економикалық қолдау да, жоғары- төмен жіктер арасында өзара құда- тамырлық байланыстарда жақсы өрістеді. Міне осындай бір- біріндегі жан- жақтылы тығыз байланыстың арқасында Тұғұрұлхан жеті атасынан жалғасқан хандығын (ішінара ағайындылар арасындағы тақ таластардан болған аз уақыттық үзілістермен қоса) табаны күректей елу жылдан астам уақыт орнықты ұстады.
Кейінгі уақыттарда біріншіден жас ұлғайды. Екіншіден, Шыңғысхан мемелекетінің барған сайын ықпалдана күшейуіне байланысты жоғары билік ағайындылары арасындағы талас- тартыс өршіді, оладың ықпалы ел іші алауыздығын күшейтті. Үшіншіден, жалпы қоғамдық жағдайдың тиімділігіне қарай бірде Тұғұрұлдың, бірде Шыңғыстың қолтығына тығылып отқұйрықтық істейтін екі беткейлер көбейді. Осының бәрі де мемелекеттің тұтастығына, халықтың бірлігіне зианды екенін білген Тұғұрұл өзі сүйеп таққа отырңғызған, өз ұлы Сеңгумнен кем көрмей қару өнеріне жетілтіп, ел басқарудың озық үлгілерін бүкпесіз үйретіп қанатты қырандай баулып ұшырған мемелекетін қуаттандыра ұлғайтып екі дізгін бір шылбырын қолына ұстатқан өкіл ұлым Шыңғыс маған да, менің мемелекетіме де сүйеніш болады деп сенді. Осы сенім оны көп жақтардан бейқамдатты. Бйлік басындағы жоғары лауазымдылар ішіндегі мемелекет сүйгіш ұлтжандылардың оңды насиқатын тыңдауғада құлықты қылмады. Тіпті ет жақын туысы Ер Жақа батырмен де аштараз болып Темучинге шаң жуытпады. Қалай ойласада «бала күнінен осыншама жақсылық істесем мені қалай сатады» дейтін байырғы қазақы сенгіштік пен ауылбай әдеттен аса алмай жүргенін, былайша айтқанда «жар астына жасырынған жау барын» кейіндеп барып сезді.
Елден ойын оздырған озықтардың да ойынан кейде болмаса кейде оғаштықтар байқалып қалып отыратыны сиақты Тұғұрұлханнан да қартаң тартқан шағында осыбір «сенгіштік» дейтін дертке шалдығып опық жегені байқалады. Арғы атасынан ақсүйек, текті атаның ұрпағы, оның үстіне жетпістен асқан құмырының үштен екісінен астамында билік басында болып «падша» лауазымына көтерілгенге дейін көп адамдарға жақсылық істеп жүрегі тазарып, көңілі ағарған қарттың да сенбеуге амалы жоқ- тын. Неге дейсіз- ау, өзі біреуге жамандық ойлап, қастықпен, өштікпен шұғылдану ойына кіріп көрмеген адам елдің бәрін өзіндей көреді де сенгіш болады. Ізгі ниетті, пәк көңілді адамдары көп адамы азбаған, ортасы тозбаған заманда мұндай сенгіштіктен келер залал да жоқ- тын. Ал, айналаң қу мен сұм, арам пиғыл алдамшыға толған заманда бұл өзіңе өзің салған ажырғы. Бұл бүгінгі заман адамдарына да құнды тәжірибе, құнарлы білім. Қоғамды ондай кері кетіретін келеңсіздіктен түбегейлі арылтудың ұзақта болса тиімді жолы— отбасы, мектеп, қоғам тегіс ұштаса білімі терең, иманы кемел, өнер- ғылымға жеткен ар – ұжданды ұрпақ тәрбиелеу де, төте жолы – елбилігі бас бола күресу.

8. Кейінгі ұрпаққа сабақ боларлық өзекті өртеген өкініш

Тұғұлхан керей елін ұзақ уақыт басқарып өзі әлем таныған көсемге, елі европа- азия елдеріне әйгілі тарихта аты, сол тұстың әлем картасында орны бар танымал елге айналды. Териториясы кеңейіп мал- жаны өскен өз дәуірінің өркениетті мемелекеті қатарынан орып алды. Бұл біреулерге жақсы жағынан рөл ойнап арқа сүйер бел, үмітпен қарар елге айналса, енді біреулердің қызғанышын қоздырып «түбінде белді қарсыласым осы болады- ау» дейтіндей ішіне қойа болып қатты, әсіресе хан- Тұғұрұлдың үлкен жасы, абыройлы басы ала алмас асудай жанына батты.
Тұғұрұлханның кейінгі тағдыры үлкен трагедиямен айақтады. Мұны мынадай үш себептен деп қарауға болады.
Бірінші, асқан арты ашық көңілшектікпен керей еліне Алла несіп қылған кие— көкше әулиені қолдан шығарып алды. Сол тұстың ел ақсақалдары да, абыздары да «киені» қолдан шығармауды ескерткен, бірақ, Темучинді өз ұлынан кем санамаған Тұғұрұл «біз ес жиып етек жауып алған қатардағы арқалы елміз ғой, «бір тамсада бикеме тамсын» дегендей жақсы ниетпен осы өгей ұлым Темучинге сүйеу болсыншы» деп сонау Боғда шыңының қасиетті үңгірін мекендеп тәңірмен тілдесе керей елінің бағдар- бағытын түгендеп жатқан Мұңлықұлы Көкше әулиеге бес атты топ жіберіп әулиені шақыртады. Керей елінің әйгілі Тұғұрұлының қолынан келе жатқан топты алдын ала білген Көкше әулиеде олар келе аттанады. Тұғұрұлхан келісімен әулиені Темучинге қос- қолдап ұсынады. «керейдің төбе пірі» атанған көкшемен бірге керейдің құты Темучинге ауды» дейтін ел ішінде болжамдар айтылып жүрді. Оның тым тегін айтылмағанын Тұғұрұл тым кеш білді.
Екінші, хан қартайған сайын керей елі ішіндегі тақ мұрагерлеріне болған талас күшейді. Інілерінің де, ұлдарының да ниеттері бұзылып ел іші араздығы асқынды. Осы азаздықтарға отқа май құйғандай ұтымды пайдаланған ел бұзар екібеткей, жар астындағы жасырын жағымпаз Жамұқа Тұғұрұлхан мен оның «өкіл ұл» дейтін өскінінен көктеп мәуе алған атақты Шыңғысхан екеуінің арасына жік салып өшестіріп тынды. Мұны да Тұғұрұлхан кеш білді.
Үшіншіден, териториясы кеңейіп, халқы молайып, ат алып жүргісіз абыройы аспандаған сайын Шыңғысханның да «аспанда күн мен айдың жалғыз болғанындай жерде падша да жалғыз болуы керек» дейтін ниеті асқынып ең әуелі жер бетінде өзімен атағы да, аумағы да тең тұрған Тұғұрұлханды көкейіне батырып, көзіне сидыра алмады. Оны жойудың қазанын ерте ассада өз қолымен жойуға батылы жетпеді. Жоймаса іштегі қойа шемендене кетпеді. Ары ойланып, бері толғана Жамұқа не Найман елі қатарлы біреулердің қолымен түбіне жету керек,- деп шешті.
Оның осы ойжобасы негізінде жәй- жәйімен өрістеген жымсыма қулық, жылбысқа сұмдықтар Жамұқа арқылы найман елінің де, керей елінің де ішкі ісіне араласа кеулеп кіріп кесірін көрсетті. Қайшылық ұушыға, кесір асқына келе Жамұқаны алдыға салған Шыңғыс қарулы қолдары мен керей елі қарулы қолдары соғысты. Керей қолы ойсырай жеңіліп Тұғұрұлхан елден босуға мәжбүрленді. Шыңғысханның аса шеберлікпен ойнаған бұл ойынын шегіне жете орындаймын деп жүріп Жамұқада Шыңғыс қағанға басын беріп тынды. «Сырыңды көп білгенді сырттата біл» дегендей Шыңғысқаған сырын ең көп білетін Көкше әулиеде осындай ойындардың бірінің құрбанына шалынды. Көршілес мемелекеттер ара соғыс жүріліп жатқанда сақтықтың күшейетіні, ел іші- сыртына мықты азаматтардан шолғыншы қойылатыны да талас жүрмейтін заңды ақиқат. Тұғұрұлхан да осы босқын өмірінде аз адаммен найман елі шолғыншыларының қолына түсіп Шыңғысхан қолын қандатпай- ақ сол найман елі шолғыншыларының қолынан қапылыста қаза болды. Тыңшы ма деп басын кесіп хан ордаға алып келген Тұғұрұлды таныған Тайаңхан шешесі Гүлбишебикеге апарады. Гүлбишебике оның басын күміспен қаптатып хан ордасының төріне қойдырып қонағасы беріп:
«Уа, Тұғұрұл, Тұғұрұл,
Айбатты алып хан едің,
Даңқың кеткен әлемге,
Аңқылдаған жан едің.
Құтлұқ әже өсіріп,
Бұйрықтан туған бала едің.
Соңғы реткі сапарға
Шығарып тұр бар елім.
Дала бездің қалайша,
Елің тозды- ау еңіреп,
Өліміңе аза ұстап,
Күңіренді- ау төңірек.
Өзіңнің анда балаңмен
Қашыпсың- ау жауласып.
Ат өксітіп алыстан
Келіпсің- ау тауды асып.
Қарасай, Талсары шолғыншы
Обалыңа қалды ғой,
Киелі ханның басын ап
Жұртқа ауыр мұң салдығой.
Уа, қара жер, қара жер
Қанеки аш қойныңды.
Ұлыхан үшін бас идім,
Салбыратып мойнымды.
Кең далаға сиғызбай,
Тентіреткен жалған- ай!
Сала алмай топырақ өз елі
Арман құшып қалғаны- ай!
Қош, бақұл бол Тұғұрұл,
Бізде артыңнан барамыз,
Өиткені осы қара жер—
Бәріміздің анамыз!»- деп зарлана хан анасы Гүлбишебике, ел иесі Тайаңхан бас болған қаралы топ Түркі халықтарында көк түркі заманынан қалған «қашып келген хан ұрпағына баспана беру» салты бойынша мемелекет деңгейінде жерлеу мұрасым өткізіп басын ұлы денесіне қоса биік тау басына жерлейді.
Керейдің бір бөлегі босып найманды паналап, бір бөлегі моңғол еліне бұқара болды. Мемелекет құлап територия тұтасымен Шыңғысхан қолына өтті. Шыңғыс режіміне көне алмаған көп бөлегі Тұғұрұлхан ұлдарының бастауында хан шаңырағын алып өзге өңірге босты.
Міне бұл халқы мол, тарихы ұзын «керей» дейтін ұлыстың қазақтың найман, үйсін қатарлы өзге руларын былай қойғанда моңғол, орыс, қытай, араб- парыс және түрік текті көп елдер құрамынан табылатын әлемдегі ең бытыранды ұлыс болып қалыптасуының басы болып тарихта қалды.
Заманы тыныш, елі аман тұста Тұғұрұлхан ішті- тысты жүріліп жатқан қайым- қатер болады- ау деп ойламады. Хандығы құлап, елі босып, жері таланға түсіп өзі босқын болғанда барып басы қата арысы ұлы атасы Марғұзхан, әкесі Құршағұзхандардың трагедиялық тағдырлары еске түсіп қатты өкінді. Әсіресе тәңірдің- керейге кие, Тұғұрылға бақ болсын,- деп силаған Көкше әулиенің киесіне ұрындым- ау; «жақсылыққа жақсылық жөн- ақ, бірақ оны да өз шанағынан асырып жіберсең, төгілген құт төбеңе жұт» деген ханға бергісіз басы бар ұлы апам Құтлұқбикенің тілін неге алмадым; Бәйбішем Аймалжанханымда осы соғысқа шығарда: «хан ием, жасың болса ұлғайды, аттың жалы, қылыштың жүзінде ойнайтын уақытың емес, әпербақандардың әупілдегеніне бола ұша жөнелгенің жөн болмас, жолың бола қойарма екен?» деп еді, недеген ақылдылық десеңші деп кейіді. Сахара өмірінің айнасы іспетті халық жырында мынадый жолдар барын еске алды:
«Өзіңмен өзің күндессең,
Өзегіңе құрт түсер,
Қос қабаттап күн шықса,
Құдық суы суалар,
Хандар таққа таласса
Халқы құрып жоғалар…» дегеннің кебін кидік пе,- деп аһ ұрды.
Жәнеде сахара салтымызда «өзін өзі басқара алған адам өзгені де басқара алады» деуші еді, сол мен болдым ба; тағы бір тәмсілде «өз нәпсісін тиған адам өзгенің көңілінен жол таба алады» деуші еді, бұл қалай, Темучин өз нәпсісіне ие бола тиған болса болмағанда кәрі қойдың жасындай ғана құмыр қалған маған, жақсылығым ерекше өткен маған өз көзім жұмылғанша тимесе керек еді. сонда ол жұрт көңілінен де дұрыстап жол табар еді ғой?! Жоқ, олай болмады, ол өз нәпсісін қойып ашылған аранын тиа алмады, қорқау нәпсісіне жол қойып, маңайын түк қоймай шауып жұрт көңілінен қылыш үстінде жол ашты…
Деп ойлай, ойлай есеңгіреп жүріп шешесі бір ана туыс найман елінің шолғыншыларының қолына түскенін білмей де қалады…

9. Тек жалғастығы алып теңізге құйды…

Өмір- өзен. Ағады, арнасынан аса тасиды, тарамдала бұлақтарға бөліне кейі саздана барып жерге сіңеді, кейі бөліне- жарылып басқа көл- дәриаларға, кейі бір- біріне қосыла ұлғайып қайта күшейе теңізге құйады…
Өмірде сондай, «адам мың жасамайды, ұрпағы мың жасайды» деген аталы сөз сол өмір жәйлі аитылған тамаша ойқисын.
Көптеген деректерде Тұғұрұлхан жеті атасынан жалғасқан хан тұқымы делінеді. Мақаланың басты міндеті Тұғұрұлханның арғы атасының қайдан басталып немен айналысқаны емес болғандықтан оны ары қарай қазбалауға уақыт шығармадық. Бір ғана мақсат—
Тұғұрыл өміріндегі бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлық та, сабақ аларлық та маңызды буындарынан мысал ала оның күрескерлік рухымен таныстыруды негіз еттік. Солайда оның ата тегінен ұрпақ жалғаған хан тұқымы екені де, өзінің заңды хан мұрагері екені де айпарадай ашық шындық. Бірқаншалаған аталарға жалғасқан керей хандары ішінде осы елді жарым ғасырдан астам сүйрегені де, сүбелендіргені де осы Тұғұрұлхан. Уақыт өткен сайын өршелене өрісін кеңейте өміршеңдігін арттырып бара жатқан керей хандығына өшесе қызғаныштарын қоздырған бастапта татарлар мен меркіттер, кейіндеп Темучин өкілдік еткен моңғолдар қаскөйлігі керейдің алдынғы буын хандарының түбіне жетіп Тұғұрұл сынды осы бір отты шаланы лаулата жандырмай ұшқынында өшіріп жіберу ниетінде болды. Ол Алла берген дарын- талғамы, қайсар күрескерлік рухымен шағылған шаңырағын қайта көтеріп керей елін әлемге танытты. Оның осы асқын дарыны, асқақ арманды жетік дәрмені әсіресе өзгеден көш биік көрінетін шоқтықты абройы өзінен кейін тусада бұрын өскен Шыңғысханға «Тұғұрұлдың тасасында қалғандай» сезім тудырып көре алмас көр соқыр ете арам пиғылын асқындырды. Осы пиғыл өсе келе өштікке, асқына келе қастыққа жол ашып үлкен трагедиямен айақталды. Хан- Тұғұрұлдың есіл өмірі өз жерінде емес, ел жерінде айақталды. Хандығы құлап, елінің тоз- тозы шықты.
«Орнында бар оңалады» деген ұлы ақиқат та өмірдің өміршең қортындысы. Орда хандық құласада тағы бір жерлерден отаулады. Хан қайтсада оның ұрпағы ұлыс шаңырағын қайта көтеріп тектегі ұлылығын жалғады. Керей елі қанша жерден тозсада құрып кетпей құлашын кең жәйа әлемнің түкпір- түкпірінде өсіп- өнді.
Әйгілі «падша» лауазымды ұлы Тұғұрғұлханның есімі күні бүгін қазақ- түрік ұрпақтарына «Хан- Тұғұрұл», «Ер- Тұғұрұл», «Тұғұрұл»… деген аттар қойуды мақтаныш ете жаңалана жалғасып жатыр…
Тұғұрұлханның кенже ұрпағы Тайбұға ырымдап алып кеткен керей ордасының киелі шаңырағы сібірде көтеріліп тарихқа «Сібір хандығын» әкелді. Сібірхандығы өзінің күрделі сүрлеуімен бірнеше ғасыр қойнауына жалғаса керей елінің тағы бір егей ері— Сейтақханды тудыра қазақ хандығының басы болған Жошы хандығына жалғанып қазақ ұлтының толық қанды қалыптасуына үлкен тарихи негіз болып қосылды. Керей елінің хандық тарихы Жошыдан басталатын төрелерден аса алмай жүрген қазақ хандық тарихын ұзартты.
Бүгінгі таңда қазақ ұлтының керей ұлысы дүниенің қырыққанша мемелекетіне тараған қазақ құрамының түгеліне жуығында да, оннан аса түрік текті ұлттар құрамында да бар. Оның кейінің құрамына басы бүтін сіңііп тек қана «керей» атын сақтап қалса, кейінде қазақ ұлтының керей ұлысы қалпын сақтап келеді.
Қиын заман, қилы күндердегі тарихи жіктелу мен іріктелулерге байланысты қазақ керейлері Абақ керей, Тұрғақ керей және Ашамайлы керей болып салаланды. Абақ өз ішінен жәдік, жәнтекей, шеруші, қарақас, молқы, ителі, жастабан, сарбас, көнсадақ, шыбарайғыр, меркіт, құлтаболат (кейде шимойын) болып 12 руға; Тұрғақ өз ішінен баба, тайшыбек, ораз, төртқара, бесқара, күжі (күбі), жолдыбай, жарық қатарлы сегіз руға; Ашамайлы өз ішінен сыбан, балта, көшебе, тарышы қатарлы төрт рулы елге айрыла өсті.
Керей қытай, орыс, араб- парыс тарихи жазбаларына да ең ерте түскен, бүгінде мейлі қазақ ұлты ішіндегі, мейлі өзге ұлттар құрамына сіңіп кетседе әліде керей атын сақтап қалғандарды қосқанда қазақ халқының үш жүзіндегі ру- тайпалардың жеке- жеке санынан әлде қайда көп деп мөлшерленетін азия- эвропа құрлығындағы көптеген елдерге тарап бытыранды қоныстанған түрік текті байырғы жауынгер ұлыс.
Дүниенің түкпір- түкпіріне тарап осыншама бытыранды қоныстанған, осыншама өскен керей ұлысы халқым деп өткен хан- Тұғұрұл тұлға болған байырғы керей елінің түрлі тарихи жағдайларға байланысты тарыдай шашылған ұрпақтары екенін білуге хақылы.
Керейге ту, қазаққа бу болған Хан- Тұғұрұл есімі ұрпақтан ұрпаққа жалғаса ұлықтанып рухы мәңгі жасағай!
23. 07. 2021 (Астана)

Ұқсас жазбалар