«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Авторы tugurul
231 қаралым

26 қазан күні «КЕТБҰҚА-ТӨЛЕГЕТАЙ» халықаралық қоғамдық қорының Президенті Қайрат Маратұлы Мусин мен «TUGURUL HAN–ON HAN» корпоративті қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Асылхан Жұмабайұлы Игбаев екі қор арасындағы әрекеттесе қызмет етудің негізгі принциптері мен бағыттарын айқындайтын МЕМОРАНДУМҒА қол қойды.


Тараптар бірлесе құрылтайлар мен ғылыми-практикалық конференциялар, «дөңгелек үстелдер», ақындар айтысын, мүшәйралар өткізу, бабалар рухына арналған ас беру рәсімдерін ұйымдастыруға келісті.
Меморандумда сондай-ақ Қазақ халқының, оның ұлы тұлғаларының тарихын балама зерделеу мақсатындағы тарихи-танымдық экспедициялар ұйымдастыру, қажет болған жағдайда ДНК сараптамаларын жасау керек деп шешті.
Спорттық жарыстар, ат спорты жарыстарын ұйымдастыру да назардан тыс қалмады.
Ағартушылық бағыттағы кітаптар дайындау, сюжеттер мен документальды фильмдер шығару, өзара ақпарат алмасу
маңызды деген ұйғарымға келді.


Меморандумның басты мақсаты – екі қоғамдық қордың
арасындағы бірлескен іс-қимылды жүзеге асыру, олардың әлеуетін бүкіл қазақ елінің бірлігі мен мызғымастығын нығайтуға, әлем алдындағы беделі мен айбынын арттыруға бағыттатын болады деп уағдаласты.

Ұқсас жазбалар