Материал төмендегі сайттан алынды:
https://qazaqstan.tv/news/147530/
Қазақ тайпалары Сібірде мекендеген. Сондықтан сібір татарлары емес, сібір түркілері деп айтқан дұрыс болады. «Ұлы Даланың жеті қыры: Сібір ұлысы және Тайбұға Қазақстан тарихында» атты ғылыми-практикалық конференцияда тарихшылар осындай мәлімдеме жасады. Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихы жайлы кітап авторы Факия Шамшиденованың сөзінше, түркі ұлыстары жөніндегі деректер он жылға жуық жинақталған. Ресей архивтерінен табылған жазбаларда Сібірдегі қазақ тайпалары, хандар мен олардың өмір салты туралы тың ақпарат бар. «Ірі ұлыстардың бірі – Тайбұға ұлысы. Олар Сібір хандығының негізін қалаған деген дерек отандық тарихшы-ғалымдардың назарын аударып отыр» – дейді кітап авторы.
Факия Шамшиденова, тарих ғылымдарының кандидаты:
Мынау шекарадан тыс жатқан жерде қазақ тайпалары мекендеді. Тіпті Тайбұға ұлысы деген мемлекет болды. Ол Сібір хандығының жерін алып жатқан мемлекет болды. Сондықтан қазіргі Қазақстан алып жатқан территориясынан үлкен Алтын орда дейміз ғой, ол да қазақтың тарихы. Міне, соның бір пұшпағы болған Тайбұға ұлысының тарихы мемлекеттілікті және қазақ мемлекеттілігінің даму эвалюциясын көрсететін сүбелі, салмақты мемлекет болған.