Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойының құрметіне орай, Қазақстан Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының төрағасы Асылхан Игібаев, Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжанов, «Соғыс және еңбек ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Біржан сал аудандық төрағасы Еркін Сыздықов, «Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің Біржан сал аудандық төрағасы Қази Шаужанов және ауыл шаруашылығы саласының мамандары, аудандық зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»: Ауылым — алтын бесігім» атты конференция өтті.
Конференцияның ұйымдастырушысы – Қазақстан Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы және Біржан сал ауданының әкімдігі.
Мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалык мақаласындағы «Туған өлке» бағыты және ауылдық жерлерді дамыту, ауыл шарушылығын кеңінен насихаттау, туған жер, ауыл туралы түсініктерді кеңейту, ауылдық жерлерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.
Конференция аясында Қазақстан Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы аудандық ауыл шаруашылық саласының мамандарын «Ауыл еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Сонымен қатар, аталған жиын аясында ономастикалық атауларды оңтайландыруға қатысты үндеу жолданды.
Конференция соңында қала, елді-мекендерге Тұғырыл хан, Тайбұға хандар есімін беру, аудан, ауылдардан шыққан еңбек ардагерлерін қамти отырып энциклопедиялық кітап шығару т.б. тұрғындар тарапынан қолдау тапқан қарарлар қабылданды.
Өткен күні: 2021 жылғы 10 желтоқсан
Өткен орны: Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қ., Біржан сал атындағы Мәдениет Үйі
*
В честь 30-летия Независимости Республики Казахстан состоялся конференция «Взгляд в будущее: Модернизация общественного сознания: Моя деревня – золотая колыбель» с участием председателя Национальной Агропромышленной палаты Казахстана Асылхана Игбаева, акима Биржансальского района Достанбека Есжанова, председателя районного общественного объединения «Ветераны войны и труда» Еркина Сыздыкова, председателя районного общественного объединения «Союз инвалидов и ветеранов войны в Афганистане» Кази Шаужанова
Конференция организована Национальной Агропромышленной палатой Казахстана и Акиматом района Биржан сал.
Целью является направление «Родина» в программе Первого Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания» и развитие села, повсеместное продвижение сельского хозяйства, расширение понимания термина Родина, сельская местность, любовь к деревне.
В рамках конференции специалисты районного аграрного сектора Национальной Агропромышленной палаты Казахстана награждены медалью «Ауыл еңбегі үшін». Кроме того, на конференции рассмотрен вопрос об озеленении и оптимизации ономастических названий в районе Биржан Сал.