«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Ардагерлер Степняк қаласына Тайбұға хан есімін беруді ұсынды

Авторы tugurul
415 қаралым

Ардагерлер Степняк қаласына Тайбұға хан есімін беруді ұсынды

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/news/ardagerler-stepnyak-kalasyna-tajbuga-han-esimin-berudi-usyndy

Ардагерлер Степняк қаласына Тайбұға хан есімін беруді ұсынды

Ұлттық агроөнеркәсіп палатасы мен Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру”: Ауылым – алтын бесігім” атты конференция өтті.  Жиын аясында Степняк қаласының атауына Сібір ханы Тайбұға ханның есімін беру туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. “Соғыс және еңбек ардагерлері” қоғамдық бірлестігінің Біржан сал аудандық төрағасы Еркін Сыздықов аудан халқына үндеу жолдады. “Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мақсаттар мен міндеттердің бірі – ономастика саласын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, еліміздегі атауларды реттеу. 2015 жылдан бері зиялы қауым өкілдері, заңгерлер, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, орталық және жергілікті атқарушы органдардағы тіл мәселесімен, оның ішінде ономастика саласымен айналысатын бөлім басшыларынан тұратын әр жерде жұмыс тобы құрылып, көптеген оң өзгерістер болғаны баршамызға мәлім. Осы ретте, Тұғырыл хан – Оң хан, оның немересі Сібір хандығының негізін қалаған Тайбұға хан есімдері Мәдениет және спорт министрлігі, Президент әкімшілігі басшыларының қатысуымен өткен ономастика жұмыстарын жүргізу туралы жиналыстың қорытындысы бойынша өзектендірілген “Тарихи тұлғалар” тізіміне енген. Одан бөлек идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасына да еңгізілген болатын. Осыған орай, Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы Степняк қаласының атауына Тайбұға ханның есімін беруді сұраймыз”, – деді Еркін Сыздықов. Оның айтуынша, бұл үндеу Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының құрметіне орай жолданды. Бастаманы Біржан сал ауданының ақсалдары қолдайтынын айтты. Бұған дейін inbusiness.kz порталы Тайбұға хан туралы толығырақ жазған болатын.

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/news/ardagerler-stepnyak-kalasyna-tajbuga-han-esimin-berudi-usyndy

Ұқсас жазбалар