27 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – Семей қаласының мұражайынан қазақтың бас ақыны Абай туралы жаңа деректер табылды, деп хабарлайды Abai.kz сайтына сілтеме жасаған tugurulhan.kz тілшісі.
Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Қайрат Сабырбаев қорда 1894 жылғы тіркеу дәптері бар екенін, сол арқылы бір кездері өлкетану мұражайына тапсырылған заттардың бірі Абайға тиесілі екені анықталғанын айтты.
-Дәптерде белбеудің иесі Шыңғыс болысындағы Ибраһим Құнанбайұлы деп жазылған. Бұл затты мұражайға қор сақтаушы қабылдап алған. Бірақ кімнен қабылдап алғанын дәптерде жазбаған, – деп түсіндірді Қ.Сабырбаев.
Күміспен көмкерілген белбеу Абай мұражайына тапсырылды.