«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Ұлттық банк зейнетақы активтерін қайда инвестициялады

Авторы tugurulhan.kz
87 қаралым

27 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – Қазақстанның Ұлттық банкі БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша 2019 жылғы қарашаға арналған инвестициялық қызметке қысқаша шолуды ұсынды, деп хабарлайды Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған tugurulhan.kz тілшісі.

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10 679,2 млрд теңгені құрады. Ақша қаражаты және теңгеге айналдырылған қаржы құралдары 7 069,4 млрд теңгені немесе 66,2%-ды, шетел валютасына номинирленген қаржы құралдары 3 609,7 млрд теңгені немесе 33,8%-ды құрады.

2019 жылғы қарашада теңгеге айналдырылған зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 31,7 млрд теңге болды. Оның ішінде: ҚР Қаржы министрлігінің жылдық 9,4% орташа алынған кірістілігі бар жалпы сомасы 27,8 млрд теңгеге мемлекеттік бағала қағаздары (МБҚ) сатып алынды; ҚР ЕДБ және «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы 600 млрд теңге сомаға басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ жылдық 10,75% кірістілігі бар

2019 жылдың қараша айында шетел валютасымен көрсетілген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 398,8 млрд теңге болды. Есепті кезеңде жылдық 1,56% орташа алынған кірістілікпен 381,9 млрд теңге көлемде АҚШ-тың қысқамерзімді МБҚ сатып алынды. Қарастырылып отырған кезеңде мына елдердің МБҚ-мен сатып алу-сату мәмілелері жасалды: Ресей Федерациясы, Филиппин, Перу, Индонезия және Мексика. Нетто-сату көлемі 91,1 млрд теңгені құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде шетел валютасындағы еркін ақша қаражаты «А-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар шетел банктерінің қысқа мерзімді депозиттеріне орналастырылды. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады

Ұқсас жазбалар