«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Жастарды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу маңызды

Авторы tugurulhan.kz
512 қаралым

30 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің қоғамдық қабылдауының тұсаукесеріне қатысты, деп хабарлайды Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасаған tugurulhan.kz тілшісі.

Қоғамдық қабылдау қызметінің мақ­­саты – «бір терезе» ұстанымы бо­йын­ша облыстың жергілікті атқарушы ор­­­га­н­дарына жүгінуге қолайлы жағдай жа­­сау, мемлекеттік органдардың қыз­ме­ті­не қатысты ақпараттарды ұсыну­дың қол­жетімділігі мен сапасын арттыру.

Мемлекет басшысы бекіткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақ­сатында агенттік төрағасы  Алик Шпекбаев пен облыс әкімі Даниал Ахметов аталған қоғам­дық қабылдау алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сондай-ақ «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және «Бизнес пен инвестицияны қорғау» жобасының бірлескен қызметі аясында Алик Шпекбаев облыстық жедел басқару, ақпараттық технологиялар және «INVEST IN EAST» инвестициялық кеңсесінің орталықтарымен танысты.

А.Шпекбаев пен Д.Ахметов Д.Се­рік­баев атындағы ШҚМТУ-де өткен «Парасатты ұрпақ» атты сыбай­лас жемқорлыққа қарсы студенттік форумға қатысты. Форумда қазақша күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, «Әлем барысы», «Қазақстан барысы» Айбек Нұғы­маров, әлем чемпионы, Олимпиа­даның қола жүлдегері Юлия Галы­шева, Шәкәрім атындағы Семей мем­лекеттік университетінің ректоры Мейір Ескендіров, «Sanaly urpaq» белсенділері сөз сөйледі.

Форумды қорытындылай келе агент­­тік төрағасы Қазақстан жастары сы­­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл жасауға дайын ең белсенді және нә­­ти­желі топ екендігін атап өтті. Соны­мен қоса жастарды сыбайлас жемқор­лық­­қа қарсы тәрбиелеуде отбасы инс­ти­тутының рөлі зор екеніне назар аударды.

Форум соңында А.Шпекбаев «Шы­ғыс – адалдық алаңы» жобасы аясында Шығыс Қазақстан гумани­тар­­лық кол­леджіне барды. Білім беру меке­ме­леріндегі парасаттылық мектеп­тері­­нің мақсаты – өскелең ұрпаққа руха­ни құн­дылықтар мен жоғары адам­гер­шілік қасиеттерді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Ұқсас жазбалар