«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Қаңтар айында ауа райы қандай болады

Авторы tugurulhan.kz
618 қаралым

4 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz Синоптиктер 2020 жылдың қаңтар айына арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған tugurulhan.kz тілшісі.

 «Болжамға сәйкес қаңтар айының бірінші онкүндігінде республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы, тұман және көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасындв екпінді жел болжанады», делінген хабарламада.

Синоптиктердің айтуынша, нлімізді қаңтар айында үш мәрте қатты суытады.

«Алғашқы суыту толқыны бірінші онкүндіктің ортасында күтіледі, батыста ауа температурасы түнде 5…15, солтүстік бөлігінде 10…25 градус аязға дейін төмендейді, оңтүстік бөлігінде суыту толқыны онкүндіктің соңында 3…11 градус аязды құрайды.

Кезекті суытудың екі толқыны екінші және үшінші онкүндікте болады деп болжанып отыр, ауа температурасының едәуір төмендеуін айдың үшінші онкүндігінде күтіледі. Солтүстік бөлігінде түнде 20…25, кей жерлерде 30, күндіз 15…20, кей жерлерде 10 градус аяз, оңтүстік бөлігінде түнде 17…22, кей жерлерде 12, күндіз 10…15, кей желерде 5 градус аяз болжанады», делінген хабарламада.

Жалпы қаңтар айының орташа ауа температурасы нормадан 1°С жоғары, тек республиканың батыс, солтүстік және шығыс аймақтарының кей жерлерінде норма шамасында күтіледі.

«Жауын-шашын мөлшері еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде нормадан аз, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтардың таулы жерлерінде нормадан көп, ал қалған аймақтарда климаттық норма шамасында болжанады», делінген хабарламада.

Ұқсас жазбалар