«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Елордада «Айбынды Алтын орда» атты көрме ашылды

Авторы tugurulhan.kz
1285 қаралым

4 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2020 жылдың бастамасы ретінде бірнеше кітап көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған tugurulhan.kz тілшісі.

Соның бірі – Алтын Орданың 750 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айбынды Алтын орда» атты кітап көрмесі.

Көрмеде Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, даму тарихын, күйреуін баяндайтын 160-қа жуық кітап, фотосуреттер, карталар мен дәйексөздер ұсынылды.

«Тәуелсіздіктің 10 жылдығында Қазақстан тарихының 5 томдығы шығарылды. Соның екінші томында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы, оның ішінде Алтын орда, оның қалыптасуы мен дамуы, ыдырау себептері мен алғышарттары және Қазақ хандығының құрылуы, оның Алтын орданың тікелей мұрагері екені туралы ақпарат бар. Қазақстан мемлекеттілігінің тарихы Жошы хан немесе Алтын орда тұсында ғана қалыптасқан жоқ, оның тарихы тереңде жатыр», – дейді ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері Құндызай Ерімбетова.

Аталған көрме 3 бөлімнен тұрады: Алтын орда мемлекетінің құрылуы, Алтын орда мемлекетінің даму тарихы мен ыдырауы және Ұлытау – хандар мекені.

Ұқсас жазбалар