21 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz –Елордада “Тұғұрұл хан” қоғамдық бірлестігі, “Тұғұрұл хан-Оң хан” қоғамдық қоры, “Байтайлақ” қоғамдық қоры қатарлы қоғамдық ұйымдардың төрағалары кездесіп, меморандумға қол қойды, деп хабарлайды tugurulhan.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан қаласында “Тұғұрыл хан” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рахымбек Мамырбаев, “Тұғұрыл хан – Оң хан” корпоративтік қорының төрағасы Асылхан Игібаев, “Байтайлақ” қоғамдық қорының төрағасы Білімтай Біләлұлы қатарлы ел бастаған азаматтар бас қосты.
Бас қосу аясында аталған қоғамдық ұйымдардың тарихи іс-шаралар мен ғылыми жұмыстарды бірлесе атқару жайлы үшжақты меморандумға қол қойылып, ынтымақтастық аясында жұмыс жасауға уағдаласты.