«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Шетелдегі қазақ мектебінде қазақ сыныбы ашылды

Авторы tugurulhan.kz
825 қаралым

20 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz –Түмен облысында үшінші қазақ сыныбы ашылды. Алғашқы ашық сабаққа оқушылардың ата-аналары, ата-әжелері келді, – деп жазды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған tugurulhan.kz тілшісі.

«Қазақ тілінен алғашқы ашық сабаққа 40 оқушы, ата-аналары мен туыстары келді. Сыныпқа оқушы қабылдау жалғасып жатыр. Өзге ауылдарда да қазақ тілін меңгергісі келетіндер бар», – деді Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ыбыраев.

Ол ауылдағы қазақтар дәстүрді сақтап қалғанын айтты.

«Дәл осы жерде бірнеше жыл бұрын Түмен облысы қазақтарының алғашқы құрылтайы өтті. Бүгінде Дүйсенбай аға Беқұжынов жетекшілік ететін біздің автономияның жергілікті бөлімшесі ұлттық-мәдени жобаларды белсенді жүзеге асырады», – деді Ыбыраев.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің мәліметіне сәйкес, Голышманов ауданында екі мыңға жуық қазақ тұрады.

Өткен жылдың қазан айында Түмен облысындағы Упорово ауылында жаңа қазақ сыныптары үшін алғашқы қоңырау соғылды.

Ұқсас жазбалар