«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Елордалық кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі жанға қолдау көрсетті.

Авторы tugurul
1062 қаралым

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы «Niet» бағдарламасында он үш жасында салынған екпенің әсерінен жүре алмай қалған қайсар қыз Анар Хамитоваға белгілі кәсіпкер, меценат “Tugurul han – on han” корпортаивтік қорының басшысы Асылхан Игібаев ақшалай көмек көрсетті.

Анар мектеп оқып жүрген кезінде салынған екпенің әсерінен мүгедектікке тап болып, бұлшық ет әлсіздігі салдарынан арбаға танылды. Өзінің күш-жігері және отбасы мүшелерінің қолдауы арқасында бақытты ғұмыр кешіп, бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған ана.

«13 жасымда екпе салған. Соның әсерінен бұлшық еттерім істеймей қалды. Оған дейін сап-сау болатынмын. Мектеп кезінде белсенді, кез-келген іс-шараларға қатысып жүре беретінмін. Биге қатысатынмын»,-дейді А.Хамитова.  

Анардың қасында қолдаушылары бар.

«Жолдасым бар, екі балам, ата-енем бар. Қазіргі уақытта үйдің асыраушысы жолдасым. Ол 2-3 жерде жұмыс жасайды. Астана қаласында тұрамыз. Пәтер жалдаймыз.  Дәрі-дәрмек дегендер бар. Соларға ақша да жетпейді. Кредитіміз бар. Мен қатты ауырып қалған кезде кредит алатынбыз. Менің бір емдік курсым 4 млнға жуық. Мен ол курсты алмасам, тілім тартылып, дем ала алмай қала беремін.  қатты ауырып қаламын.  Жолдасым және отбас мүшелері болып осы қиндықтарды жеңіп келеміз»,-дейді қайсар қыз.  

Анар Хамитова түрлі моншақтардан әшекей бұйымдар жасап, өз кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер аналардың да қатарынан. Тапқан табысын өзінің дәрі-дәрмектеріне жұмсап, отбасына аз да болсын үлесін қосып келеді. Осы орай да «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер Қауымдастығының төрағасы Асылхан Игібаев кәсіпкер анаға ақшалай сертификат табыс етіп, барша қазақ жастарын Анардан үлгі алуға шақырды.

«Анардың өмірге деген құштарлығы, тіпті өзінің дәрісіне өзі жұмыс жасап, кәсібін істеп отырғандығы бәрімізге де, жастарға да үлгі. Осындай қазақтың қайсар қыздары көп болсын. Өзінің мүмкіндігі шектеулігіне қарамастан, жолдасын аяп, оған аз да болса үлесіп қосып отырғандығы үшін, өз басым қатты риза болдым.  Өз атымнан кәсібін дөңгелетіп, дамытуға аз да болсын үлес болсын деп, ақшалай (50 000 теңге) сертификат табыс етемін. Ісіңіз алға баса берсін»,- деді Қазақстан ауыл шаруашылығы палатасының төрағасы Асылхан Жұмабайұлы.   

Айта кетер болсақ, өткен жылғы күзгі телемаусымда «Qazaqstan» Ұлттық арнасы әлеуметтік бағыттағы «Niet» бағдарламасын көрермен назарына ұсынған болатын. Тікелей эфирде өтетін әрбір хабар белгілі бір адамның, отбасының мәселесіне арналып, арнайы сарапшылардың ақыл-кеңесімен шешімін тауып, көрерменге ұсынылып келеді.

 

Ұқсас жазбалар