Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай бүгін Нұр-Сұлтан қаласы “Алматы” ауданы әкімінің Бас инспекторы Нұрмат Абдраимов белгілі дәрігер, Халықаралық «Экология» Академиясының Академигі, ҚР халықтың денсаулығын сақтау ісіндегі ерекше еңбегі үшін жоғарғы медалінің иегері, “Тұғырылхан – Оң хан” корпоративтік қоры ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Толқын Ақанұлымен кездесті.
Кездесу барысында еліміздегі коронавирус індетінің таралу жағдайы, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан індетпен күресу мақсатында іске асырылып жатқан шаралар, ел азаматтарының пандемияға қарсы тұрудағы бірлігі мен ұйымшылдығы, осы жолдағы медицина қызметкерлерінің ерен еңбегі турасында әңгіме өрбіді.
![]()
Сөз соңында Нұрмат Абдраимов Әкімдік атынан Толқын Ақанұлын кәсіби мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, еңбекте табыс тіледі.
Толқын Ақанұлы дәрігердің еңбегін елеп-ескеріп, қолдау көрсеткен әкімдік қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Сондай-ақ, мыңға жуық медициналық бетперде, қолғап, сонымен қатар, коронавирустан қалай сақтану керектігі туралы жазылған үгіт-насихат қағаздарын тарту етті.
![]()
Еске салсақ, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған болатын.