«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ – ҮЛГІЛІ ОТАҒАСЫ

Авторы tugurul
899 қаралым

                      Толқын Ақанұлы 1968 жылы ҚХР ШҰАР Толы ауданында туған. Ол Қытай Халық Республикасы медициналық университетінің жалпы медицина мамандығын бітірген. Қытайда жиырма жылдай емханада дәрігер, диспансер жетекшісі және медицина, әкімшілік салалары бойынша басшылық қызметтерін атқарған.  2007 жылы Атажұртқа оралып, дәрігерлік жолын жалғастырған. Нұр-Сұлтан қаласынан өзі ашқан «Бақкелді – 2012» ЖШС директоры және бас дәрігері. «Nur Otan» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Алматы» аудандық филиалының «Қазақ Емханасы» бастауыш партия ұйымы басшысы.  Дәрігерлігімен бірге писхолог, ақындық, сазгерлік өнерлерді қатарынан меңгерген, қоғам қайраткері Толқын Ақанұлы бүгінгі күнде «Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп палатасының» вице-президенті, «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті, «Барқы би» қоғамдық қорының президенті.

         2007 жылы Атажұртқа оралған, Астана төрінен шаңырақ көтеріп, 2009 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Отбасылы. Жары Халнұр Тұрлыбайқызы. Біз оның сайлауалды іс-шараларына қолдау білдіру мақсатында, отбасына ат басын тіреп арнайы сұхбатта болған едік. Әуелгі сөз кезегі Толқын Ақанұлына беріледі.

       «Мен істің адамымын»

  • Толқын мырза, қазір сіз «Нұр Отан» ХДП атынан Республикалық праймеризге қатысып жатырсыз. Сол праймеризге қатысудағы мақсатыңыз бен жоспарларыңыз туралы айта кетсеңіз.

            Толқын Ақанұлы: Мен істің адамымын. Құрғақ шөппен ауыз сүртіп, уәдені үйіп-төгіп беріп, кейін орындамай кеткен азаматтар біздің қоғамда өкінішке орай, көптеп кездеседі. Көзбен көріп жүрген соң, қарның ашады. Сол олқылықтың орнын толтырмақ мақсатында, сөзі мен ісі сәйкес келетін, халқына жанашыр азамат ретінде осы праймеризге қатысып жатырмын. Мені қолдап, маған сеніп артып отырған азаматтардың сөздері маған күш-жігер береді. Қызметкерлерімнен бөлек, отбасыңның тарапынан көрсетілген қолдаудың орны ерекше.  Әрине, егер қолымнан келіп жатса, халық игілігі үшін атқаратын қызметтерім көп. Солардың бірі, медицина саласын дамыту. Одан бөлек, туризм, ауыл шаруашылығы, ішкі-сыртқы көші-қон мәселелері, өнер-білім салаларын жан-жақты дамытқым келеді. Медицина саласында қазақ дәрігерінің мәртебесін көтеріп, ауырып ем іздеген науқастарға дер кезінде көмек қолын созу арқылы операциялардың алдын алып, елімізде өндірілілетін дәрі-дәрмектермен ем жүргізіп өз еліміде медицина саласын қарқынды дамытқым келеді.

        «Ем алыңыз, дем алыңыз»

                    Туризм саласы туралы айтар болсам, осыдан он жыл бұрын қолға алынған жобамның аясында, «Ем алыңыз, дем алыңыз» деп аталатын ауқымды істі жүзеге асырған едік. Оның негізгі ерекшелігі туристік орындар мен демалыс нысандарында медициналық қызмет түрін дамыту. Демек, демалысқа келген әрбір азамат демалумен қатар денсаулығын тексертіп тиісті медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болады. Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі демалыс орындарын осындай игі іске жұмылдырмақ ниеттеміз.Жаздық демалыс аймақтарын жасап, этноауыл жұмысын қолға алдық, оның да өнімділігі жақсы болды.

          «Ауыл – қазақтың қан тамыры»

                   Ауыл, егін шаруашылығында да бірқатар жұмыстар атқардым. Нақтырақ айтсам, қазақи жылқылар нәсілін баптау турасында біраз еңбек еттім. Соның нәтижесінде «Қазақстан Ұлттық Агроөнеркәсіп палатасының» төрағасы болып сайландым.  Болашақта субсидияны  жеріміздің климаттық ерекшеліктеріне байланысты бөлуді жоспарлап отырмыз.  Жылқы малы шаруашылығын дамытып отырмыз. Көкшетаудың Біржансал ауданында, Ерейментау ауданында малшаруашылық базаларын ашып, көптеген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Одан бөлек, тарихи отанына оралған қандастарымызға қолдау көрсетіп, олардың жергілікті тұрғындармен аралас-құралас болатындай жақын орналастыру жайын да есепке алып отырмыз. Шалғай ауылдардың жолға, интернетке қол жетімділіктерін арттырумен қатар өнер, білім саласында да бірқатар істер күнтізбемде жоспарланған. Қазақтың дәстүрлі әнін, күйін, биін жаңғыртып бүгінгі ұрпақ бойына рухани азық ретінде сіңіру басты мақсат ретінде алынып отыр.  Нұр Отан партиясының мүшесі ретінде, партия мүмкіндігін пайдалана отырып, алға қойған мақсаттарды іске асырамын. Партия төрағасы,  Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030, 2050 стратегияларын» аталмыш партия қабырғасында талқылап, және партияның өз міндеттерін адал атқаратынын ескере отырып алдыма үлкен мақсат қойдым.

       «Еңбек жаратқан ердің артында ақылды әйел тұрады»

                Жоғарыда айтқанымдай, отбасының қолдауы ер-азаматқа үлкен күш береді. Өмірлік жарым өте ақылды, іскер, өз ісінің кәсіби маманы. Маған кез-келген қиындықта қолдау көрсетіп, ақыл-кеңесін аямай бүгінгі күнге дейін сенім артып келеді. Бұл мен үшін өте маңызды. Балаларымды тәрбилеп, отбасымның ұйытқысы болып отырған жарыма көзқарасым ерекше. Кез-келген табысты еркектің артында қолдаушы, әрі ақылды әйел тұрады деп бекер айтпаған. Сол ақылды әйелдің бірі менің жарым Халнұр. 

                 Ендігі сөз кезегі Т.Ақанұлының жары Халнұр Тұрлыбайқызына беріледі.

   «Толқын мені адам ретінде тәрбиеледі»

                    Толқын екеуміздің отасқанымызға ұзақ жылдар болды. Төрт перзентімізден немерелеріміз бар. Ұрпақ өсіріп, тәрбиелеп отырғанымыз ең алдымен Алланың екінші ата жұртқа оралғандығымыздың арқасы деп ойлаймын. Өйткені, алға қойған мақсаттарымызбен ойға алған жоспарларымыздың барлығы осы Қазақстанға оралғаннан кейін іске асты. Сол уақыттан бастап біз жетістіктерге бірге жетеміз, бала тәрбилеп, ұрпақ өсіреміз деп бір –бірімізге серт берген едік. Қазір, құдайға шүкір сол ойымызға жеттік деп ойлаймын. Қандай да табысқа кенеліп, биіктен көрініп жатсақ, ол ең бірінші Алланың екінші Толқынның арқасы деп білемін. Мен жастайымнан үйдің еркесі болып, оң солымды кеш танып еш таршылық көрмей өстім. Соған қарамастан Толқын менің бойымдағы артық қасиеттерден арылуыма көмектесіп, мені «тәрбиеледі» десем болады. Үйдегі әйел, ана орнын айқындап берсе, түзде іскерлік серіктес болуды үйретті. Сол үшін мен Толқынға ризашылығымды білдіргім келеді. Біз Атырауда осы емханамыздың жұмысын дөңгелету мақсатында әрі халықтың сұранысы бойынша  Атырау қаласынан бір бөлімшемізді ашқан болатынбыз. Сол жақта бас дәрігер қызметіндемін. Жұмыстан тыс уақыттарында Толқын өзі келіп  ақыл-кеңестерімен, кәсіби білімімен бөлісіп отырады. Атырауда 12 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз.   Толқын табиғатынан ерекше адам деп есептеймін. Қай жағынан алып қарамасаңызда Толқынның орны дараланып тұрады. Мінезі өте сабырлы, кең, мейірбан. Туған-туыстарымен өте тығыз қарым-қатынаста. Оларға қол ұшын беріп, көмектесуден ешқашан аянған емес. Әке ретінде де , аға, іні, әріптес, аяулы жар ретінде де Толқынның алар орны ерекше. Отағасы өте текті жердің ұлы. Отбасыларымен өнерлі, талантты жандар.  Толқынға жар болу мен үшін үлкен бақыт деп білемін.

   «Толқынға үлкен сенім артамын»

                Мен үнемі Толқынға қолдау көрсетемін. Қандай жағдай болмасын Толқынға деген сеніміме селкеу түскен емес. Осы бәйгеде жеңіп шықса, алға қойған мақсаттарының жүзеге асуы үшін қолымнан келгенше қолдау көрсететін боламын.

Дайындаған: А.Өмірбек

“Tugurul han – On han” корпоративтік-қоғамдық қорының баспасөз хатшысы

Ұқсас жазбалар