«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Керей тайпасының Ұлы Даланы (Қазақ Сібір даласын) қорғап қалған кезеңі.

Авторы tugurul
896 қаралым
Керей тайпасының Ұлы Даланы (Қазақ Сібір даласын) қорғап қалған кезеңі.
Тайбұға хандық құрған уақыты 1220-1290 жж.
Одан кейін билікке келген Ходжа, Мар деп жазылады.
1428 жылы Ұлы Отан соғысы болды деп айтсақ, артық емес. Сібір Жұртына батыста көршілес Маңғыт Жұрты (Ноғай Ордасы) болды. Ғази деген билеушісі аса қатыгездік танытып, халық арасында наразылық туады, соның салдарынан билер көтеріліп Ғази қаза болады. Биліксіз қалған шонжар Бұхара ханы Жұмадықтың астына өтуге бел буады. Уақыт өте Маңғыттар Сібірге, Тайбұғалықтарға көшуге мәжбүр болып пана сұрайды. Тайбұғалықтар, Кебек бүркүт және Омар би бүркүт маңғыттарды қабылдайды. Жұмадық хан мұндайды жауыздыққа теңеп Тайбұғалықтарға қарсы жаугершілік соғыс ашып жорыққа аттанады. Шайқас Жалқан Дайыр маңында болды деп жазады жылнамашы Масуд бен Османи. Жұмадық хан ортаңғы шепте, Сол қанатта 16 жасар Абу-л-қайыр, оң қанатта Оғлан орналасады. Бұхара ханы жеңіліске ұшырайды. Жұмадық қаза болып, Абу-л-қайыр (атақты Көшпенді Өзбек мемлекетінің ханы) тұтқындалады. Абу-л-қайырды тұтқындаған Сарық шиман (Шимойын) деп жазады, жылнамашы. Осы сұрапыл соғыста керей Кебек бүркүтпен Омар би бүркүт жеңбесе, қазіргі Қазақ даласы, мүмкін парсылардың жері болар ма еді, кім білсін?! Ертедегі Бұхара хандығының біраз бөлігін қазір Тәжікстан дейміз. Осындай тарихты ұмытпай, ұрпақтары, қазақтар біліп жүрсе, абзал болар. Ата бабаларымызға, Кебек пен Омар биге еткен бір тағзым.
Нұржан Игібаев, тарихшы, зерттеуші-этнограф, сібіртанушы
p.s.: Материалдар Фейсбук әлеуметтік желісінен, Керей Қазақ шежіресі парағынан алынды!

Ұқсас жазбалар