Үстіміздегі жылдың 17-мамыры күні Астана қ., “ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери- тарихи мұражайында «ТАЙБҰҒА МЕН ТАЙБҰҒАЛЫҚТАРДЫҢ ЕВРАЗИЯДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ӘСКЕРИ ТАРИХЫ» атты ғылыми-тәжірбиелік конференция болып өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Мемлекеттік архиві» мемелекеттік мекемесі, “ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери- тарихи мұражайы”, «TAIBUGA HAN» жеке қоры.
Конференцияның салтанатты ашылу рәсімі ҚР Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери- тарихи мұражайы” директоры Ләззат Төлеуқожақызы және Астана қаласының Мемлекеттік архиві» мемелекеттік мекемесі директоры Туребеков Берік Жолмуханұлының алғыс сөзімен басталды.
Құттықтау сөз сөйлегендер: Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшісі, Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы – Астана қаласының әкімі, Дихан Қамзабекұлы – филология ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Егемен Қазақстан республикалық газетінің бас директоры, Тасболатов Абай Бөлекпайұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғары Қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант, Кабульдинов Зиябек Ермуханович – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, Жексенбай Бибігүл Нұрғалиқызы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының депутаты, Шапақ Унзила Шапаққызы – заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліс депутаты, Бүркітбай Аяған Ғелманұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Қазақ білім академиясының академигі, Күзембайұлы Аманжол – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қаржаубай Сартқожаұлы – филология ғылымдарының докторы, түрколог ғалым.
Баяндама жасағандар:
Әбіл Еркін Аманжолұлы – тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, Баяндама тақырыбы: «О клановой принадлежности Тайбугидов»
Сабитов Жақсылық Мұратұлы – саясаттану саласында философия докторы (PhD), «Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми Институты» директоры, Баяндама тақырыбы: «Владения Шибанидов и ранняя история Тайбугидов»
Шамшиденова Факия Мешведенқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» қауымдастырылған профессоры, Баяндама тақырыбы: «Военная система Евразийских кочевников: На примере Улуса Тайбугидов» 13.55 – 14.10 Жәди Шәкенұлы – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Шыңғысхан академиясының және ҚР Тарих және Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Баяндама тақырыбы: «Тайбұға билігінің тарихи негіздері».
Іс-шара соңында Қазақ ұлттық тарихын сақтау және дамыту мақсатында «Астана қаласының Мемлекеттік архиві» мемелекеттік мекемесіне Батыс Сібірді басқарған Тайбұға хан тарихын ғылыми-зерттеу құжаттарын ресми тапсыру рәсімі орындалды.