«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Шежіре тұнған Елорда

Авторы tugurul
1248 қаралым

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті «Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві» РММ және Астана қаласы мемлекеттік архивінің бірлесіп ұйымдастыруымен Астана қаласының туған күніне орай «Шежіре тұнған Елорда» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Астана қаласының тарихына қатысты құнды құжаттар мен көне суреттерден құралған «Шаһар шежіресі» атты көрме ұсынылды.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық архиві мен Астана қаласы архивіндегі құжаттар негізінде жазылған «История столицы Казахстана. Материалы и рассказы по истории города» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Елорда күніне орай арнайы дайындалған «Шаһар шежіресі» атты архив құжаттарының көрмесінде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасының фотоматериалдары да қойылды. Бұл архивтік құжаттар арқылы Астана қаласының қазіргі аумағында орналасқан ортағасырлық Бозоқ қалашығынан бастап қазірге дейінгі елорда шежіресі қонақтар назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, іс-шараға кезіндегі Целиноград қаласының Бас архитекторы, қаламыздағы көптеген ғимараттардың сәулетшісі Василий Филиппович Тоскин және Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Марал Қалымжанқызы Хабдулина қатысты.

Іс-шара барысында «Ұлттық домбыра» күнін кеңінен дәріптеу мақсатында Роза Бағланова атындағы № 2 музыка мектебінен шақырылаған домбырашылар тобы келген қонақтарға  арнап өнер көрсетті.

Шара соңында Астана қаласының «Өмірлік қиын жағдайға түскен балаларды қолдау орталығының» оқушыларына белгілі мемлекет және қоғам қайраткері п.ғ.д. профессор Т. Қышқашбайдың «Домбыра үйрену» кітабы сыйға тартылды. Бұл кітаптарды «Тайбұға» жеке қоғамдық қоры ұсынып отыр.

 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Бораш Қуат ҚаҺарманұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Архивінің директоры Сағила Есімсейітқызы Нұрланова, Астана қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Зиябекұлы Есіркеп, Астана қалалық архивінің директоры Берік Жолмұханұлы Төребеков, «Тайбұға» жеке қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Асылхан Жұмабайұлы Игібаев және белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.

Ұқсас жазбалар