«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Сібір ханы Сейдақ

Авторы tugurul
933 қаралым

Тарихи деректерде Сібір хандығы – Қазақ хандығының көршілес ел ретінде жазылса, енді бір деректерде Қазақ хандығымен тығыз қарым-қатынастағы ел ретінде аталады.

«Жинақты тауарих» пен «Қастерлі шежіреде» Керей мемлекетінің ханы Тұғырыл – Оң ханның арнайы аталмайтын ұлдарының бірі, кей деректерде, немересі Тайбұға (Тай-Бұқа) азды-көпті жасағымен, Тұрғақтарымен, Батыс өлкеге қарай көшіп, Ібір-Сібірден бір-ақ шығады. Ертістің етегі, Есіл мен Тобыл аңғарын жайлаған жергілікті түрік нәсілді, фин-угор текті ру-тайпаларды бағынышқа түсіріп, Тайбұға Ұлысын негіздепті. Тайбұғы Ұлысын 1220 жылы құрды. Бастапқыда Ишим (Есіл), Тобыл, Тұра, Ертіс өзендерінің ортасында. Кейін Обь өзені және әрі қарай Естек, Вогул деген тайпаларды жаулап алып мекенін үлкейтті. Шыңғыс хан Тайбұғыны әкесінің құрметі үшін, Тұғырыл ханның көзі ретінде қолдау көрсеткен және өз балаларымен бірдей санап, еншісіне Ұлыс бөліп берген. Сібірдегі керей Оң ханның ұрпақтары Алтын Орда дәуірінің ұзына бойында байтақ Сібірде билік құрды. Алтын Орданың ыдырау кезеңінде Жошы-Шибан нәсілімен тайталас басталады. Әуелде Шибан әулеті жеңіске жетеді, одан соң Тайбұғалықтар қайтадан билікті алады, одан соң тағы да аударыспақ; бұл қырқыстың ең соңғы өкілдері – Көшім хан мен Сейдақ хан болды. 1584 жылы ғана Сібір ханы Сейдақ, Тайбұғы ханның ұрпағы Тәуекел хан Қазақ ханымен Одақтық келісімге қол қойды. Аманатқа Ораз Мұхамедті, Тәуекелдің ағасының ұлын алды. Қараушысы болып Қыдырали Жалаири тағайындалды. Оның Қазақ хандығымен одақтық келісімге отыруы – Сібірде Көшім ханды жеңіп, Искер, Қышлық қалаларын орыс атаманы Ермактан Тайбұғы жұртына қайтару үшін Сейдак шайқасқа аттанды. Сейдак хан Ермакты жеңіп Сібір хандығын қайтырып алды.

Сейдақ хан Бекболатұлы, Тайбұға (1584-1588 ж.ж) – Сібір Ұлысының соңғы ханы. Тарихи деректерде, Сейдақ емесі – Сейтек, Сейдақ, Сейтен немесе Сәтбек түрлерінде ұшырасады, ал орыс деректерінде Симеон Бекболатович. Сейдақ атының шығуы – Сібірдің соңғы ханы ретінде, Көшім ханнан хандықты тартып алуы, Ораз-Мұхамед Онданұлы мен Қадырғали Жалайыримен тағдырлас болуы, орыс атаманы Ермакты өлтіруі секілді оқиғалармен бірге баяндалады. Шыңғыс хан мен Тұғырыл хан әулеттерінің айбынынан ығысқан орыстар отарлау саясатын Көшім (Шибан) мен Сейдақ (Тайбұға) тұсына келгенде мейілінше пайдаланғаны тарихтан белгілі. Оның алғашқы құрбандарының бірі болып – Ораз Мұхаммед, Қадырғали Жалайыри, Сейдақ хан Бекболатұлы Мәскеуге тұтқынға алынды. Осы тақырып төңірегінде әйгілі тарихшы, жылнамашы Қадырғали Жалайыри «Жылнамалар жинағында» және классик жазушы-тарихшы Мұхтар Мағауин «Аласапыран» романынында жазған. Ал жылнамашы Қадырғали Қосымұлы Сібір ханы Сейдақтың кеңесші биі болғаны жайлы да тарихи деректер бар. «Қазақ аңыздарында халық жырында Жармақ қарақшының, яғни, атаман Ермактың басын шапқан – қазақтың Сәтбек батыры деп көрсетіледі. Ал нақты таңбаланған тарихи дерек – орыстар Сібірге қайта оралып келген 1584-88 жылдары қазақтар Көшім ханның жауы таққа талас Сейдақ бекке көмекке көп әскер береді. Бұл әскерді бастаушы – Тәуекел ханның інісі, батыс пен шығыстың барлық әдебиетінен аты мәшһүр Ораз-Мұхамед сұлтан болды.

Ресей тарихшысы Рамиль Булатовтың «Безумный, безумный мир и умные города. Путь в новую реальность» (2020 год. издательство «издательские решения») атты еңбегінде оның 1576 жылғы Ливон соғысына Орешек, Пайде, Колыван тұсындағы жорықтарға қатысқаны және Симеон Бекболатовчтың (Сейдақ Бекболатұлы) ұпақтары жайлы жазады.

Сейдақ 1588 жылға дейін хан болып отырды. Сібір хандығының Орыс патшалығына айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, тезінен құлауының бір себебі екі әулеттің елді тоздырған жүз жылдық күресі болатын. Көшімнің ғұмыр кешуі белгілі.

«…Керей хандарының әулеті Сейдақпен де бітпепті. Оң ханның Бас ордасындағы ойраннан соң, Арсалаң деген бір ұлы аман қалған екен» деп жазады Мұхтар Мағауин.

WhatsApp Image 2022-02-02 at 11.53.19.jpeg

***

2021 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойының құрметіне орай, Қазақстан Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының төрағасы Асылхан Игібаев, Біржан сал ауданының мәслихатының хатшысы Серік Шәуенов, «Соғыс және еңбек ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Біржан сал аудандық төрағасы Еркін Сыздықов, «Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің Біржан сал аудандық төрағасы Қази Шаужанов және ауыл шаруашылығы саласының мамандары, аудандық зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»: Ауылым – алтын бесігім» атты конференция өткен болатын. Конференция аясында идеялогилық тұрғыда атауы ескірген елді-мекендерің атауына осы өңірде жасаған Тайбұғалықтарыдың есімін беру туралы мәселе көтерілді. Конференция соңында «Соғыс және еңбек ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің Біржан сал аудандық төрағасы Еркін Сыздықов аудан халқына арнайы үндеу жолдаған еді.

Онда мынадай мәселе көтерілді: Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген мақсаттар мен міндеттердің бірі – ономастика саласын реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, еліміздегі атауларды реттеу. 2015 жылы ономастика саласындағы қатынасты реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге талдау жұмыстарын жүргізу үшін зиялы қауым өкілдері, заңгерлер, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, тәуелсіз сарапшылар, орталық және жергілікті атқарушы органдардағы тіл мәселесімен, оның ішінде ономастика саласымен айналысатын бөлім басшыларынан тұратын әр жерде жұмыс тобы құрылып, көптеген оң өзгерістер болғаны баршамызға мәлім.

Осы ретте, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д.Абаевтың төрағалығымен 2021 жылғы 20 тамызда ономастика жұмыстарын жүргізу туралы өткен жиналыстың хаттамалық тапсырмасының 2.2-тармағын орындау мақсатында ономастикалық жұмыстарды ұйымдастыратын Әдістемелік ұсынымдарды, өзектендірілген «Тарихи тұлғалар» тізімін жұмыс барысында қатаң басшылыққа ала отырып қолдану, сондай-ақ Идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған жол картасына еңгізілгені жайлы айтылған.

Осыған орай, Біржан сал аудандық зиялы қауым, ақсақалдар алқасы және ауыл тұрғандарының ұсынысын ескере отырып, елді мекендердің жаңа атауына лайықты тарихи тұлғалар есімі берілсе дейді.

Сібір ханы, Русь князі Сейдақ ханның есімі қазақ жерінде ұлықталып жатса, бұл саяси тұрғыда да оң қадам болары сөзсіз. Теріскейдегі алып көршілес елдің де ең жанды жері – солтүстік өлке, яғни Сібір. Сондықтан Сейдақ ханның қазақтан шыққанын, бір кезде оларға көрсеткен айбынын ұмыттырмас үшін мұндай жұмсақ күш қашан да маңызды әрі страдегиялық тұрғы да ұтымды әдіс екенін ескеруіміз керек. Тек Сейдақ хан ғана емес, онымен бірге жасаған, қазақ халұы үшін бірге соғысқан, қанаттас Ораз-Мұхамед сұлтан, тарихшы Қадырғали Жалайыридың де есімі ұмытылмай, ел есінде қалу үшін жергілікті ономастикалық комиссия идеологиялық тұрғыда ескірген елдімекен атауларына олардың есімін беру кезек күттірмейтін мәселе деп білеміз.

Қазір Сейдақ ханның тікелей ұрпақтары Ақмола облысына қарасты Көкшетау, Степногорск, Щучинск қалаларымен қатар, Бурабай, Бұланды, Біржан сал ауданындарында тұрып жатыр. Сонымен қатар қазіргі Біржан сал ауданы Қызылұйым ауылы бұрын «Сейтен ауылы» деп аталып келгенін айтады сол жерде мекен еткен көнекөз ауыл ақсақалдары.

 

Бақыт Бек Қадыр

«Алтын тобылғы» әдеби

байқауының лауреаты,

жазушы, журналист 

Ескерту: Материал төмендегі сайттан алынды:

Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/33358/
© e-history.kz

Ұқсас жазбалар