«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Ақыт қажы Үлімжіұлының екі томдық кітабының тұсау кесері өтті

Авторы tugurul
734 қаралым

Қарағанды қаласы М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген Ақыт қажы Үлімжіұлының екі томдық кітабының тұсау кесері өтті.

Бұл  шараға Қарағанды қаласының әкімінің орынбасары Бикенов Нурлан,  Қарағанды қаласының мәдениет және тілдер бөлімінің басшысы Нуртаева Баян Сейітбекқызы, Нұр-Сұлтан қаласынан «Тugurul han-On han» корпаративтік қорының Қамқоршылар кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Игібаев Нұржан Жұмабайұлы және  аппарат басшысы Бақытхан Солтанбай,  Алматы қаласынан Ақытқажының шөбересі Рахатбек Дағарбекұлы,  Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Қарағанды обылыстық  филиал  төрайымы Меруеш Башай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының облыстық басшысы Жумағұлов Айтбай, Қарағанды облысы білім саласының еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанның құрметті журналисті, Қазақстанның мәдениет қайраткері Мухамедқали Баймұханов,  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төлеуов Ерғазы «Ақыт қажы мешіт» бас имамы Жанарбек Мамбарұлы,  қонақтар мен кітапхана ұжымы қатысты. Әйгілі ақын, оқымысты, ойшыл, ағартушы Ақыт Үлімжіұлының  оқырмандарына ұсынып отырған кітабының берері зор екенін айтқым келеді.

 

Қарағанды өңірі  Оспан батыр, Ақытқажы сынды тарихи тұлғалардың мұрасын дәріптеп,  ас беріп, конференция өткізіп, кітап шығаруға мұрындық болып келеді. «Молқы»  халықаралық» қорының төрағасы Мамбар Жанарбекке   «Тugurul han-On han» корпоративтік қорының қамқоршылар кеңесі төрағасы, акедемик, меценат Асылхан Игібев шешімімен «Тұғырылхан» медалі мен  Алғыс хаты тапсырылды. Сондай-ақ келген қонақтармен кітапхана ұжымына  «Тugurul han-On han» корпаративтік қорының бастамасымен жарық көрген  кітаптарды «Тugurul han-On han» корпаративтік қорының қамқоршылар кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Жұмабайұлы және аппарат басшысы табыстады.

 

Б. Солтанбай

“Tugurul Han On-Han” корпоративтік қорының

Қамқоршылар кеңесінің аппарат басшысы

Ұқсас жазбалар