«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Тұрғақ шежіресі (Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Керей I том)

Авторы tugurul
1430 қаралым

Тарихи деректер боиынша Алтын елінің императоры Тұғырылға «Хандардың ханы» деген мағынамен «Уаң хан» деген атақ берін, кейін келе ол ханның есімі ретінде аталып кеткендігі айтылады. Тегі италян, жиһангер Марко Поло: «Әлемге аты әйгілі, әсіресе еуропалықтар қатты әсерленетін шығыстағы «Иоан поп» дегеніміз осы «Уаң хан»» деп жазады. Орыс жылнамаларында «Ван хан» деген атпен белгілі. Кейде «Оң хан» деп атайтындар да бар.

Заман өте келе Тұғырыл хан да Шыңғыспен шайқасып жеңіледі.

Тұғырылхан өлгенмен оның халқы торғайдай тозып кеткен жоқ. Олар Шыңғысханның түркі-моңғол әскерлері құрамындағы негізгі күшке айналды. Әлемді ат тұяғымен бағындырып, қазақ халқының қалыптасуына негіз болды.

Тұғырыл тұқымы Тайбұға Сібір хандығын құрып, ата-дәстүрінің алтын арқауын жалғады. Сібірдің соңғы ханы Сейдақ та (Сейд-Ахмед) осы әулеттен еді.

Шын мәнінде қазақ мемлекеттігінің төркінін ұлт ретінде атала бастаған бергі тарихтан емес, арғы дәуірдегі қыпшақтар, қаңлылар, меркіттер, керейттер мен наймандардың мемлекеттерінен қарастырған жөн.

Қазақтың үш жүзге жіктелуі бірін-бірі алалаудан, бөлінуден келіп шықпаған. Ол түрік Қағанаты, түрік-моңғол империясы тұсынан қалыптасқан жауларға ұтықтасып қарсы тұруға Дайындалған қандас туыстардың әскери күш бірлестігінің одақтас тұлғасы. Ал төре, төленгіт, қожа Рулары қазаққа кейіннен сіңіскен аталар. Өзге ұлттарға сіңген қандастарымызды олардың алаламайтыны сияқты бізде құрамымызды толықтап, өзін қазақпын дегендерді ұлтымыздың ажырамас бөлігі санаймыз.

Қазақты құраған үш жүздің аталық таралымы төмендегідей:     .

Ұлы жүз – Үйсін (Дулат, Албан, Суан, Сарыүйсін, Шапырашты, Ошақты, ЬІсты, Сіргелі), Жалайыр, Қаңлы, Шанышқылы.

Орта жүз — Арғын, Найман, Қыпшақ, Қоңырат, Керей, Уақ.

Кіші жүз — Байұлы (Адай, Беріш, Алтын- Жаппас, Есентемір, Таз, Байбақты, Тана, Масқар, Алаша, Қызылқүрт, Шеркеш, Ысық), Әлімұлы (Қарасақал, Қаракесек, Кете, Төртқара, Шөмекей, Шекті), Жетіру (Табын, Тама, Жағалбайлы, Тілеу, Кердері, Керейт, Рамадан).

Бұдан сырт өзге ұлт пен ұлыстан қазаққа сіңген талай әулет бар. Нағашылы-жиендік жағынан сан мәрте қан алмасқан оларды біз ешқашан «қазак емесссің» деп айта алмаймыз. Бастыларынан: төре, қожа, төленгіт, т.б. ларды атауға болады.

Орта жүздің керей руы бұдан бұрын – Абақ, Ашамайлы сынды екі атаны құраса, зерттеу нәтижелері керей әулеті — хан ұрпағы болған Тұрғақтарды үшінші керей ретінде атайды. Сөйтіп, керейлер — Абақ, Ашамайлы, Тұрғақ сынды үш бірлестіктен құрам тауып отыр. Кіші жүздегі керейлер де өздерін «керейттер» атап, аталастығын ұмытпай келеді.

Бұл кітапта керей мемлекеті хандарының қазақ ішінде өмір сүрген әулеттерінің бір бөлігі болған Тұрғақ руының ата-бабасынан қазірге дейінгі шежірелік дерегі шертіледі.

МАЗМҰНЫ

Бастау сөз (кіріспе)…………………………………………………………………………….3

Керей билеушілері және Марқұс Бұйрық хан (1092-1124)………………………. 11

Сарық хан (1125-1150) және Құршақұс Бұйрық хан (1150-1171)…………….. 18

Тұғырыл хан (Тоғұрыл хан, Оң хан – 1171-1203)…………………………………….28

Керейлер құрған Сібір хандығы………………………………………………………. 60

Тайбұға хан………………………………………………………………………………….. 63

Мұхаммед Тайбұға хан………………………………………………………………….. 75

Сейдақ хан………………………………………………………………………………….. 78

Тұрғақ руы………………………………………………………………………………….. 88

Тұрғақ руының таңбасы……………………………………………………………….. 121

Тұрғақ руының қоныстанған мекені………………………………………………. 127

Қазақстан республикасы Ақмола облысы және

Нұр-сұлтан қаласы бойынша тұрғақ керейлердің ата таралымы…………..150

Түйін сөз (қорытынды)……………………………………………………………………161

Ақжолтай лебіз……………………………………………………………………………….169

p.s.: Осы және басқа да  көптеген    «Тұғырыл хан-Оң хан» корпоративтік қорының Керейдің академиялық тарихына арналған, аз уақытта шығарған, алайда өте құнды  деректерге толы кітаптарымен төмендегі  сайттан («Тұғырыл хан-Оң хан» корпоративтік қорының кітап дүкені) таныса аласыздар!

https://bookshop.tugurulhan.kz/

 

Ұқсас жазбалар