«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Гималайдан асқан көштің куәгері – Ғайни апаның әңгімесі

Авторы tugurulhan.kz
1239 қаралым

Биыл қазан айында сапардың сәті келіп, Ыстамболда сапарда болған едік. Түркияда өткен ғасырда қытай елінде болған апалаң-төпелең ауыр жылдарда Алтайдан ауып, қырғын соғыстарды бастан кешіп, дүниенің шоқысы атанған Гималайдан асып, Пәкістан, Үндістан арқылы, Түркияға жеткен қазақтар тұратынын дүйім жұрт біледі.

Жалпы Шынжаң жерінен гималай аса көшкен ел бір ғана көш емес, бірнеше дүркін болған. Сол көштердің ең соңғысы Қалибек  хакім бастаған көш болатын. Қазақтың бірегей тұлғаларының бірі Қасен Өралтай (Қалибек хакмнің ұлы) марқұм көзі тірісінде осы ұзын сонар көш туралы «Елім-айлап өткен өмір» атты деректі роман жазған. Одан басқа да, сол көштер туралы Халифа Алтайдың «Көш естелігі», Нұрғожай батырдың естеліктері, ж.с.с бірталай еңбектер бар. Ғайни Нұрмұқаметқызы осы көшке 6 жасында ілесіп, ауыр жылдарды артқа тастап, бүгінгі таңда Ыстамболда немере-шөберелерінің алдында бақытты ғұмыр кешіп отырған ақ самайлы ана. Бұл күнде сексеннің сеңгіріне шыққан апамызға арнайы амандаса барып, шай үстінде ағынан жарылып айтқан әңгімелерін жазып алып едім. Соны, оқырман қауымға жеткізудің сәті енді түсіп отыр.

Ғайни Нұрмұқаметқызы осы көшке 6 жасында ілесіп, ауыр жылдарды артқа тастап, бүгінгі таңда Ыстамболда немере-шөберелерінің алдында бақытты ғұмыр кешіп отырған ақ самайлы ана. Бұл күнде сексеннің сеңгіріне шыққан апамызға арнайы амандаса барып, шай үстінде ағынан жарылып айтқан әңгімелерін жазып алып едім. Соны, оқырман қауымға жеткізудің сәті енді түсіп отыр.

Ұқсас жазбалар