«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

«Менің туым – менің Отаным!» атты патриоттық акция өтті

Авторы tugurulhan.kz
547 қаралым

28 қараша. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын патриоттық іс-шара Шымкентте Әл-Фараби алаңында өтті. Іс-шараға жастар көп жиналды. Олар алаңда желбірете ту көтеріп, рухты асқақтатты деп хабарлайды Rgmedia.kz сайтына сілтеме жасаған tugurulhan.kz сайты .

Мемлекеттік рәміздер – елдің тәуелсіздігін айшықтайтын белгі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді» деп айтқан болатын. Мемлекеттік рәміздер – ең жоғары құрметке лайық. Оны қалай құрметтесек те жарасады.

Салтанатты жиында қала әкімі Ерлан Айтаханов рәміздердің маңызына тоқталып өтті:

– Елбасымыз атап өткендей, ерекше құнды белгілер ел тәуелсіздігін күллі әлемге танытты. Халқымыздың рухын, бастан кешкен тарихын, бүтіндей мәдениетін көрсетті. Ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман-тілегін жеткізді. Сондықтан әр азамат көк байрақ туымызды, әнұранымызды, елтаңбамызды қастерлеп, ардақ тұтуы тиіс, – деді қала әкімі.

Ерлан Қуанышұлы салтанатты жиында қаланың қоғамдық-әлеуметтік өміріне белсене атсалысып жүрген жастарға “Nur Otan” партиясының мүшелік билетін табыс етті. Жиын барысында бір топ өнерпаздар ән айтып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұқсас жазбалар