«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Жемқорлыққа қарсы сервистік орталықта робот жұмыс істейді

Авторы tugurulhan.kz
636 қаралым

6 желтоқан. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сервистік орталығын соңғы үлгідегі робот таныстырды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған tugurulhan.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Antikor ortalyǵy» орталықтары ашылуда. Бұл жерде кез келген азамат өзінің мәселесі бойынша құқықтық көмек ала алады.

«Сервистік орталық Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтарға қолайлы жағдай жасап, олармен жедел әрі тиімді қарым-қатынас жасауға арналған диалогтық алаңның рөлін атқарады. Кезекті, төртінші жемқорлыққа қарсы орталық бүгін Қарағанды облысында агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың және облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен ашылды» делінген хабарламада.

Ұқсас жазбалар