30 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Tugurulhan.kz – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған tugurulhan.kz тілшісі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.