«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Алматыда Алтын Орданың 750 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды

Авторы tugurul
298 қаралым

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Tugurulhan.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты – өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлы даламызда орын алған тарихи оқиғалар мен Қазақ даласында осыдан сегіз ғасыр бұрын құрылған алып империя Алтын Орда мемлекетінің тарихын дәріптеп, таныстыру.

«Алтын Орда– Еуразия аумағындағы Түрік қағанатынан кейін құрылған екінші Еуразиялық мемлекет. Қазақстан аумағындағы тарихына 3 мың жыл болды десек, бұл сол мемлекеттіліктің ХІІІ-ХV ғғ көрінісі. Сонымен қатар, Алтын Орда үш ғасыр өмір сүрген заманында өзінің территориясындағы көптеген халықтардың этникалық, саяси тарихына мемлекеттің дамуына көп ықпал етті. Тіпті, көрші Рессейдің тарихында да Алтын Ораданың өзіндік орны бар. Ал, қазіргі түркі тілдес халықтардың ішінде бірнешеуі ғана өзін Алтын Орданың тікелей заңды мұрагеріміз деп санай алады. Ол әрине бірінші қазақ халқы және Қырым татарлары. Өкінішке орай, көптеген ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті»,- дейді тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев.

Сонымен қатар, шара аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты тұрақты кітап көрмесі ашылды. Кітап көрмесі алты бөлімнен тұрады: «Алтын Орданың құрылуы», «Алтын Орда туралы тарихи-ғылыми кітаптар», «Алтын Орда хандары», «Алтын Орда кезіндегі қалалар», «Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттер», «Алтын Орда туралы әдебиеттер».

Ұқсас жазбалар