«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Қос азамат академик атанды

Авторы tugurul
3081 қаралым

Тарих және Қоғамдық ғылымдар Академиясы жалпы жиналысының шешімімен «Tugurul han – on han» корпоративтік қорының басқарма мүшелері Асылхан Игібаев және Жәди Шәкенұлы Академияның толық мүшесі – академигі атанды.

«Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігі 2009 жылғы 16 маусымда ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғалымдарының бастамасымен құрылған. Академияға мүшелікке қоғамдық ғылымдар аясында еңбек етіп келе жатқан ғалымдар мен ұстаздар, руханият жанашырлары қабыладанады.

«Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестігіне мүшелікке қабылданған ғалымдар мен ұстаздар тізімі:

  1. Қасымов Сабыр Ахметжанұлы (Нұр-Сұлтан)
  2. Алпысбес Махсат Алпысбесұлы (Нұр-Сұлтан)
  3. Қылышбай Сүндетұлы (Атырау)
  4. Есімова Жанар Қабдушқызы (Нұр-Сұлтан)
  5. Өскембай Әлия Ақымқызы (Өскемен)
  6. Нәбиев Марат Өскенұлы (Нұр-Сұлтан)
  7. Табулдин Ғизат Жолданғарұлы (Нұр-Сұлтан)
  8. Игбаев Асылхан Жұмабайұлы (Нұр-Сұлтан)
  9. Жәди Шәкенұлы (Нұр-Сұлтан)
  10. Төлебаева Салтанат Жақсылыққызы (Нұр-Сұлтан)

 

Асылхан Игібаев – қоғам қайраткері, меценат, «Tugurul han – on han» корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының құрметті докторы. Тарих және қоғамдық ғылым саласындағы көптеген кітаптардың шығуына, тарихи-мәдени экспедициялардың өтуіне қол ұшын созған, жас тарихшы ғалымдарға арнаулы стипендия тағайындаған ұлт жанашыры.

Жәди Шәкенұлы – Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Шыңғысхан Академиясының толық мүшесі-академигі. Бүкіл саналы ғұмырын қазақ баспасөзіне, ұлттық әдебиетке, тарихымызға арнаған қарымды қаламгер, 10-нан астам кітаптың авторы. «Қаралы көш», «Жәнібек батыр», «Ақбота», «Балқаймақ», «Қытайдағы қандастар», «Бір уыс сәуле», «Жалғыздың үні» т.б. кітаптары оқырман ықыласына бөленген.  «Шыңғысхан әулеті және хан тұқымынан төре қою», «Шығыс Түркістан мәселелері», «Оспан батыр» тақырыбындағы зерттеу еңбектері бар. Қаламгер «Тәуелсіздік тағылымы», «Арманшыл бала» жинақтары үшін халықаралық кітап жәрмеңкесінде арнайы марапатталған.

«Tugurul han – on han» корпоративтік қоры және «tugurulhan.kz» порталы Тарих және Қоғамдық ғылымдар Академиясы академигі атанған атанған Асылхан Игібаев, Жәди Шәкенұлы ағаларымызды және басқа да тарихшы ғалымдарды жаңа жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды.

Ұқсас жазбалар