«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Ұлы даланың ұлы есімдері: Тұғырыл хан

Авторы tugurul
5166 қаралым

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу туралы мәселе көтерген болатын.  

Осыдан кейін іле-шала елімізде үлкен жұмыстар қолға алынып, өңірлерде «Ұлы даланың ұлы есімдері» деген тізімге кімдер лайық деген тақырыпта талқылаулар басталған болатын. Артынша бұл жоба Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына жүктелді. Өз кезегінде аталмыш мекеме Мемлекет тарихы институты секілді жетекші ұйымдармен тізе қоса отырып қазақ тарихының қалыптасуы  ұлт жолында тер төккен ұлы тұлғалардың тізімін жасап шығарды.

Әрбір халықтың ұлы тұлғалары бар екені баршаға мәлім. Олар өз елінің мақтаныштары және сол елдің тарихын жасаушы тұлғалары. Түріктер Мұстафа Кемалды, мажарлықтар Шандор Петефиді, немістер Гетені, қытайлықтар Конфуцийді, орыстар Пушкинді, ағылшындықтар Байронды, америкалықтар Джордж Вашингтонды ұлы тұлғалар деп әспеттеп,  ұрпақ санасына сіңіріп келе жатыр. Қазақ тарихында да ұлы тұлғалар жетерлік. Биыл 1150 жылдығы аталып өтілетін ғалым, ойшыл Әбу-Насыр әл-Фараби, түрік қағанатының негізін қалаған Күлтегін, Керей мемлекетінің ұлы билеушісі Тұғырылхан,  ұлы хандар Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Тәуке хан, Абылай хан, қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлы, Алаш зиялылары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Барлыбек Сыртанұлы сынды тұлғаларымызды тізбектей беруге болады.

Тарихтан орын алған тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеу, ұрпаққа таныту, солар арқылы өткенді, тарихи сананы жаңғырту Ұлы Дала Елінің болашағы үшін аса қажет. Ендеше «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты энциклопедиялық саябақ ашу туралы мәселе басында айтып өткеніміздей Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасы күні жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған болатын.

«… атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек»,- деді Елбасы сол мақаласында.

Осыған орай  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық жинағын жасап шықты. Сілтемесі: Ұлы даланың ұлы есімдері .  Энциклопедиялық жинақ үш тілде ақпарат таратады. Қазіргі уақытта сайтта толықтырылу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жобаға VII-ші ғасырда негізі қаланған Керей мемлекетінің XII-ші ғасырдағы атақты билеуші ханы. Әйгілі Шыңғысханның (Темужин) анда (өкіл) әкесі, әрі әскери өнерге баулыған алғашқы ұстазы Тұғырылханда кірді.

Тұғырылхан (1130-1204) Керей мемлекетінің XII-ші ғасырдағы атақты билеуші ханы. Ол керей елінің ханы Мархұздың үлкен ұлы Құршақұз Бұйрық ханының ұлы. Шыңғыс хан етіп алтын таққа отырғызушы 1.

Тұғырылхан 1130 жылы туған. Шыңғысханнан 32 жас үлкен. Оның әкесі Есукейдің серт (анда) байласқан досы. Шыңғысханның әрі ұстазы әрі өкіл әкесі.

Тұғырылхан батыстағы Еуропа және шығыстағы Қытай мәдениетінің жетістіктерін толық пайдаланып, өзінің «Хан ордасының» сәулеттік құрлымын аса шеберлікпен салған. Бүгінгі заманғы жаңаша ойлы ғалымдардың көзімен қарағанда Тұғырылхан және ол басқарған керей мемлекеті орыс, қытай деректерінде көрсетілгендей орта деңгейдегі қарапайым ел болмаған. Монғол империясының тарихын зерттеушілер: Шыңғыс қағанның алғаш адам болып, ат жалын тартып мініп, күйзелген елін бүтіндеп, күйреген жұртын жинауы осы Тұғырылханның арқасы екеніне еш шүбә келтірмейді. Тіпті моңғол ұлтының арасында күні бүгінге дейін өздерін мақтанышпен Тұғырылханнаң әулеті санайтындар да аз емес.

Еңбегі

Тарихта керейлердің дәуірлеген кезеңі – Уаң хан басқарған тұс. Батыс католиктеріне «шығыстан шыққан пірәдар Иоан» аңызы бойынша жеткен оның Уаң хан аты кезінде Батыс Еуропаны дүр сілкіндіргені белгілі. Алайда Уаң хан мен Тэмужин достығы да ұзаққа созылмады. Даңқы арта түскен Тэмужин керейлерді «бейбіт түрде ел болып бірлесуге шақырды». Бірақ керейлер Тэмужиннің бұл пікірін қабылдамады. Сөйтіп, екі жақ 1203 жылы ақтық шайқасқа шықты, керейлер жеңіліп, тарих тұғырынан тайды. Керейлердің бір тобы ата жұртында қалып, Шыңғыс хан империясына қызмет етті. Енді бір тобы батысқа – Орта Азияға бет бұрды. Мұнда келгендері Жошы, Шағатай ұлысы, Моғолстан билігінде болып, кейін көпшілігі Қазақ хандығына бағынып, қазақ ұлтын құрады. Керейлер өзбек, қырғыз халықтары арасында да кездеседі.

Ұлықталуы

Тұғырылхан есімі «Моңғолдың құпия шежіресі», «Алтын шежіре», Рашид ад-диннің «Жамих-ат тауарих» кітабында, Әбілғазы Әл-Хорезмидің «Түрік шежіресінде» және қазақ қаламгерлерінен – Ш.Құдайберді, М.Көпейұлы, Ә.Марғұлан, М.Тынышбаев, М.Мұқанов, М.Мағауин, Ш.Құмарұлы, З.Сәнікұлы, М.Қозыбаев, З.Қинаят, А.Күзембаев, Қ.Сартқожаұлы, Ж.Ошан, т.б. қаламгер еңбектерінде көптеген деректер қамтылған. «Tugurul Han On-Han» корпоративтік қоры жағынан (А.Ж. Игбаев және Жәди Шәкенұлының құрастыруы, ғылыми редакциялауы нәтижесінде) «Тұғырылхан» (1 том) атты тарихи деректер жинағы жарық көрді. Тұғырылхан-Оң хан корпоративтік қоры қазақ тарихы мен шежіресін жазу жұмысын да қолға алуда. Болашақта Тұғырылхан есімін елді мекендер мен көшелерге, қатысты нысандарға беру сынды игі істер де атқарылады деп жоспарлануда.

 

Ұқсас жазбалар