«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

“Тұғырыл хан” кітапханасы Ақыт шығармаларымен толықты

Авторы tugurul
669 қаралым

              Жақында ғана Қарағанды қаласы М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапхана ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Ақыт қажы Үлімжіұлының екі томдық кітабының тұсау кесері өткен болатын. Сол кітаптың авторларының бірі,  Ақыт қажының өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі етіп келе жатқан, “Ақыт қажы” мешітінің бас имамы,  «Молқы»  халықаралық» қорының төрағасы Мамбар Жанарбек «Тugurul han-On han» корпаративтік қорының Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы Асылхан Игібаевқа арнайы келіп екі томдық “Ақыт шығармалары” атты кітапты салтанатты түрде табыс етті.

        Ақыт қажы Үлімжұлы атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Ақыт қажы Сарытоғай ауылында мешіт салдырып, медресе ашып, ұстаздық еткен. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін тұтқынға алынып, мешіті талқандалып, кітаптары өртеліп, 1940 ж, түрмеде азаптап өлтірілген болатын. Бірақ артына өшпес із қалдырған Ақыт қажы шығармалары бүгінгі күндегі өзектілігін жоғалтқан емес. Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтың шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналып отыр.

                  «Тugurul han-On han» корпаративтік қорына сыйға тартылған бұл жинақтардың қор кітапханасындағы орны ерекше болмақ.  Аталмыш жинақты қазақ руханиятына, әдебиеті мен мәдениетіне  қосылған  жаңа үлес деп есеатейміз.

А.Өмірбек

  «Тugurul han-On han» корпаративтік қорының баспасөз хатшысы 

Ұқсас жазбалар