«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

ҰЖЫМҒА ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН БІЛІКТІ БАСШЫ

Авторы tugurul
883 қаралым

                    Толқын Ақанұлы «Қазақ емханасы» емдеу-сауықтыру орталығының басшысы әрі «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Алматы ауданына қарасты «Қазақ емханасы» партия бастаушы ұйымының төрағасы. Ол елімізде өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы бойынша партия ішілік праймеризге белсене қатысып жатқан көрнекті азаматтардың бірі. Толқын мырзаның ел алдындағы абыройының биіктей беруіне тілектестік білдіре отырып, сайлау бәсекесіндегі қадамына сәттілік тілейміз.

                    Сайлау алды науқанында Толқын мырзаның ұжымындағы ақ халатты жандармен  тілдесіп, ол кісі хақында аз-кем әңгіме өрбіткен едік. Басшыларына деген жылы лебіздерін, зор сенімдерін жеткізген «Қазақ емханасы» емдеу орталығының қызметкерлері білікті басшы хақында ағынан ақтарылды. Төменде сол лебіздерді назарларыңызға ұсынамыз:

 

                 Махсура Мұғирақызы: Мен 2016 жылдан бері емханада мейірбике болып қызмет атқарамын. Сол уақыттан бастап бас дәрігеріміз Толқын Ақан бізге өзінің қамқорлығын көрсетіп келеді. Өз ісіне адал, жұмысында кәсіби маман. Өз қызметерлеріне сенім артады, үнемі жігерлендіріп отырады. Жағдайы болмай,  қиналған емделуші азаматтарға қолынан келгенше көмегін аямайды.

Зинар Екпінқызы: Қазақ емханасында мейірбике болып жұмыс істеймін. Толқын аға адам ретінде өте мейірімді, қамқор адам. Медицина саласынан бөлек басқа да салалардан хабары бар жан-жақты, өнерлі адам десем артық айтқаным емес. Болашақта халқының игілігіне жұмыс жасай алатын азамат боларына сенемін. Себебі, ол кісі өзінің кәсіби маман, ең бастысы жақсы адам екендігін күнде дәлелдеп келеді.

 

 

Талапбек Мұқашбек: Толқын ағаның жанында көмекші болып бірге қызмет атқарғаныма 10 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығында ол кісіні толық танып-білдім деп айта аламын. Ертеңгі күні халыққа жанашыр болып, өз қызметін адал атқарады дегенге сенемін.

 

 

 

Ардақ Әділхан: Емхананың бухгалтерлік бөлімінде кассирлік қызмет атқарамын. Толқын Ақанұлы адамгершілігі мол адам. Осы уақытқа дейін қаншама науқастарды емдеп, ауруынан айықтырды. Кейбір науқастарды тегін емдеген күндерінде көзіміз көрді. Кәсіби маман ретінде де көпке үлгі. Одан бөлек, ол кісі тіл жанашыры. Ана тіліне деген, қазақ тіліне деген құрметі өте жоғары. «Қазақша» аталатын әнінің өзі қанды қайнатып, жүректі шымырлатады. Ұлт үшін, рухымыз үшін Толқындай азаматтар көп бола берсе екен деп тілейміз!

 

Қастер Нағызхан: Толқын ағаның қол астында ауруларға уқалау-массаж жасау бөлімінде  қызмет атқарғаныма 3 жылдан астам уақыт өтті. Осы емханада 30-ға жуық қызметкер бар. Мен білгелі сол қызметкерлерді жұмыспен қамтып, өзінің ағалық, азаматтық қамқорлығын көрсетіп келеді. Сол үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Нақтырақ айтсам, ұзақ жылдар аянбай еңбек еткен қызметкерлеріне жер сыйлап, үй салуына көмектесті. Үздік қызметкерлердің астына көлік алып беріп, өз ықыласын білдірді. Бұл адал еңбекті бағалаған арда азаматтың ісі деп білемін. Өзім ғанамын деп емес, өзгеге мейірім жасауды өзіне бақыт сезінеді. Ағамызға деген құрметіміз, сыйластығымыз ерекше.

Дайындаған: Өмірбек А.

“Tugurul han – On han” корпоративтік-қоғамдық қорының баспасөз хатшысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар