“Tugurul han – On han” корпоративтік-қоғамдық қорының Қамқоршылар Кеңесінің Төрағасы Игібаев Асылхан Жұмабайұлының тапсырмасымен Қарағанды облысындағы Қордың ресми өкілі, “Ақыт қажы” мешітінің бас имамы, «Молқы» халықаралық» қорының төрағасы Мамбар Жанарбек , Ұлытау ауданына Жошы ханның өкіл әкесінің ескерткіші орнатылса деген ұсыныс хатты облыстық әкімдікке арнайы табыс етті. Сонымен қатар, Қарағанды облысы, ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайыновқа “Tugurul han – On han” корпоративтік-қоғамдық қорындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысын таныстырып, екі томдық “Ақыт шығармалары” , “Ұлы даланың ұлы тұлғалары”, “Жошы хан” атты Қордың құнды кітаптарын сыйға тартты.
Б.Солтанбай
“Tugurul Han On-Han” корпоративтік қорының
Қамқоршылар кеңесінің аппарат басшысы