«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

Ұсыныс хат табысталды

Авторы tugurul
727 қаралым

“Tugurul han – On han” корпоративтік-қоғамдық қорының Қамқоршылар Кеңесінің Төрағасы Игібаев Асылхан Жұмабайұлының тапсырмасымен Қарағанды облысындағы Қордың ресми өкілі, “Ақыт қажы” мешітінің бас имамы,  «Молқы»  халықаралық» қорының төрағасы Мамбар Жанарбек , Ұлытау ауданына Жошы ханның өкіл әкесінің ескерткіші орнатылса деген ұсыныс хатты облыстық әкімдікке арнайы  табыс етті. Сонымен қатар, Қарағанды облысы, ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайыновқа “Tugurul han – On han” корпоративтік-қоғамдық қорындағы атқарылып жатқан жұмыстар барысын таныстырып, екі томдық “Ақыт шығармалары” , “Ұлы даланың ұлы тұлғалары”, “Жошы хан” атты Қордың құнды кітаптарын сыйға тартты.

Б.Солтанбай

“Tugurul Han On-Han” корпоративтік қорының

Қамқоршылар кеңесінің аппарат басшысы

Ұқсас жазбалар