«Tugurulhan.kz» тарихи-танымдық порталы

КӘСІПКЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

Авторы tugurul
563 қаралым

2020 жылдың 14 қарашасы күні Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы бір топ кәсіпкер бас қосты. Аталған іс-шараны «Тұғырыл хан – Оң хан» корпоративтік қорының қолдауымен Керей-Молқы халықаралық қайырымдылық қоры ұйымдастырды. Бас қосуға аталған қорлардың басшылары – Асылхан Игібаев, Жанарбек Мамбар және бір топ кәсіпкер қатысты. Күн тәртібінде кен орындарын ашу, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын қолдау, көкеністік жылы жайларды жалпыластыру, шағын кәсіпкерліктер бойынша корпоративтер құру сынды мәселелер қаралды. Қор басшылары жиналған кәсіпкерлерге аталған кәсіптерді дамыту негізіндегі заңнамалық негіздемелерді түсіндіріп, қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, халық тұрмысын жақсартуға бағытталған ұсыныс-тілектерін білдірді.

Жиналған кәсіпкерлер өздері меңгерген мамандық пен кәсіп түріне қарай отырып, өз тәжірибелері мен ой-көзқарастарын ортаға салды.

Нәтижесінде, жиналысқа қатысқан кәсіпкерлер арасынан бірлесіп жұмыс істеуге ниеттенген бірнеше кәсіпорын, өзара келісім-шарт арқылы істестікті тереңдету жөнінде нақтылы шешімдер қабылдады.

Сөйтіп, аталған бас қосу кәсіпкерлік бойынша бір-бірімен тәжірибе алмасу, бағыт-бағдарды айқындау жақтарынан алғашқы мақсаттарына жетудің негізін қалады.

Ұқсас жазбалар